Ақмола облысы әкімінің есептік кездесуінде Целиноград ауданының кәсіпорындары мен білім беру ұйымдарының көрмесі өтті
Ақмола облысы әкімінің есеп беру кездесуінде Целиноград ауданының 20-ға жуық ұйымы мен кәсіпорны қатысқан көрме өтті. Іс-шараға шағын және орта бизнестің өкілдері, сондай-ақ білім беру мекемелері қатысып, өз жетістіктерін және өңірдің дамуына қосқан үлесін көрсетті.
Аудандағы шағын және орта бизнес 4,4 мың белсенді кәсіпорындармен ұсынылған, бұл Целиноград ауданындағы кәсіпкерлік белсенділіктің жоғары деңгейін айғақтайды. Көрмеге қатысушылардың қатарында белгілі кәсіпорындар – «Агрофирма Родина» ЖШС, «Capital Project» ЖШС, «Менің фермам» ЖК және «Астана өнім» АҚ болды, көрмеде олар сүт өнімдерін ұсынды. Бұл кәсіпорындар облысты сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып, жергілікті экономиканы қолдап келеді.
Алайда көрмеде тек бизнестің жетістіктері ғана көрсетілген жоқ. Ауылдық елді мекендердегі білім беру ұйымдары оқушыларының жобалары ерекше назар аудартты. Кызылжар, Оразақ, Қоянды ауылдарының қосымша білім беру ұйымдарының, сондай-ақ Талапкер және Ақмол балалар шығармашылық орталықтарының оқушылары өз жұмыстарын таныстырды.
Көрменің жарқын экспонаты Оразақ ауылының қосымша білім беру орталығының «Смарт Skool» жобасы болды.
5-сынып оқушылары Бауыржан Каусар мен Егінбай Жалғас облыс әкіміне жоба аясында құрастырылған роботты таныстырды. Оқушылар бұл роботты сыныптастарымен бірге робототехника үйірмесінде жасап шығарған. «Біз Оразақ ауылы мектебінің 4-5 сынып оқушылары робототехника үйірмесіне белсенді қатысамыз. Біз қоқыс жинайтын робот жасадық», – деп бөлісті Камшат. Бұл жоба оқушылардың шығармашылық көзқарасын ғана емес, сонымен қатар экологиялық тәрбиенің және оқу процесінде заманауи технологияларды қолданудың маңыздылығын көрсетті.
Өңір басшысы жобаны оң бағалап, өңірдің экономикалық әлеуетін одан әрі дамыту үшін мемлекеттік қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -