Ақмола облысы әкімінің Тәжікстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесуі
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қарсаңында облыс әкімдігінде өңір басшысы Марат Ахметжанов Тәжікстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Хайрулло Ибодзодамен кездесті.
«Біз сіздерді қонақжай Ақмола жерінде қарсы алуға қуаныштымыз. Ақмола облысы – Қазақстанның негізгі ауыл шаруашылығы өңірлерінің бірі және Біз Тәжікстан Республикасын халықаралық аренадағы маңызды әріптес ретінде қарастырамыз. Бүгінгі іс-шара біздің ынтымақтастығымызды жандандыратынына сенімдімін. Ақмола облысы экономиканы дамытуға септігін тигізетін инвестицияларды тартуда үлкен әлеуетке ие және ынтымақтастықты кеңейту үшін кез келген ұсыныстарды қарастыруға дайын», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.
Хайрулло Ибодзода ортақ мүдделер негізінде Қазақстан-Тәжікстан қатынастарының орасан зор әлеуетін атап өтті. Тараптар сауда-экономикалық саладағы ағымдағы жағдайды қарастырып, ауыл шаруашылығындағы өзара іс-қимылды нығайту перспективаларын талқылады, сондай-ақ басқа да бірқатар мәселелерді қозғады.
Айта кетейік, Ақмола облысы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы сыртқы сауда айналымының көлемі осы жылдың 7 айында 12,9 млн АҚШ долларын құрады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -