Ақмола облысы әкімдігінің жанынан жастар істері кеңесінің отырысы өтті
Кеңестің отырысына БАҚ өкілдері, қалалар мен әкімдердің орынбасарлары және жастар ресурстық орталықтарының басшылары да қатысты.
Кеңестің күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды: «2024 жылдың 1 жартыжылдығында Ақмола облысында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы»; «Серпін» жобасын іске асыру туралы»; «жастар арасындағы суицид туралы», сондай-ақ Ақмола облысында Халықаралық Жастар күнін мерекелеу туралы сұрақтар көтерілді.
Спикерлер ретінде Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің проректоры, облыстық білім және денсаулық сақтау басқармаларының басшысы орынбасары және Ақмола облысы Жастар-ресурстық орталығының басшысы баяндама жасады.
Ақмола облысының статистика департаментінің мәліметінше, облыста 210 мың жас тұрады. Жастар облыс халқының жалпы санының 29% құрайды.
2024 жылға арналған жастар саясатын іске асыруға облыс бюджетінен жалпы сомасы 786,3 млн.теңгеге қаражат бөлінді.
Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы А. Алин атап өткендей «жастармен жұмыс істеудің маңызды бағыттарының бірі жұмыспен қамту, NEET санатындағы жастар санын азайту, жастардың білім алуына жәрдемдесу болып табылады».
«Қазіргі уақытта NEET санатындағы жастар саны 5,5% құрайды (10 778 адам), бұл ел бойынша 16-шы орында».
«Жастар саясатын іске асыру және жастарды қолдау шеңберінде ішкі саясат басқармасымен әлеуметтік маңызы бар 6 жастар жобасы көзделген, олар маргиналды жастар, NEET санатындағы жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, нашақорлықтың алдын алу және жастар арасынан есірткіге тәуелді азаматтарды қолдау, сондай-ақ «Тәуелсіздік ұрпақтары» конкурс шеңберінде жастарға грант беру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу болып табылады», - деп атап өтті.
Сондай-ақ, өз жұмыс бағыттары бойынша облыстық білім және денсаулық сақтау басқармалары, сондай-ақ Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің проректоры баяндады.
Облыстық жастар-ресурстық орталығының басшысы Д. Ермековтың айтуынша, алдағы Халықаралық жастар күні биыл ауқымды өтеді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тұжырымдамасына сәйкес Ақмола облысында Халықаралық жастар күнін мерекелеу ұлттық жастар онкүндігі аясында «Жастармен бірге!» өтетін болады (2024 жылғы 3-12 тамыз).
Бұл бағытта министрлік республикалық іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ Халықаралық жастар күнін жоғары деңгейде атап өтуге арналған мереке тұжырымдамасын әзірледі.
Облыстық деңгейде бүгінгі таңда «Жастармен бірге» ұлттық жастар онкүндігінің облыстық іс-шаралар жоспары әзірленді.
Басты іс-шара «Жастармен бірге!» атты фестивалі облыстың барлық аймақтарында open air форматында болмақ.
Отырыс қорытындысы бойынша тапсырмалар хаттамасы дайындалып, облыс әкімінің орынбасары, кеңес төрағасы А. Әміренова өскелең ұрпақты тәрбиелеу бойынша бірлескен жұмыста табыс тіледі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -