Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамуды қорытындылады
Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары аймақ басшысы Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында талқыланды.
Өз сөзінде экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Алмагүл Шұғырмақова негізгі бағыттардың дамуы туралы хабардар етті.
Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 1,4 трлн теңгені құрады. Аймақ экономикасындағы жетекші орын аграрлық секторға, оның ішінде өсімдік шаруашылығына тиесілі. Бұл Ақмола облысы ел ауыл шаруашылығының орталығы екенін растайды.
«Құрылыс саласында құрылыс-монтаждау жұмыстары көлемінің өсуі сақталуда. Бұл экономиканың аталмыш секторында оң үрдістердің іске асырылып жатқанын көрсетеді. Құрылыс жұмыстарының қарқыны бойынша Ақкөл, Астрахан, Атбасар, Бурабай аудандары мен Көкшетау, Қосшы және Степногорск қалалары үздіктер қатарында», - деді ведомство басшысы.
Спикердің айтуынша, ауылдық өңірлердегі табыс пен тұрмыс сапасын арттыруға ерекше назар аударылған. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 2024 жылы 100 іс-шараны жүзеге асыруға 19,7 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 42 жоба бойынша жұмыстар аяқталды.
Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша барлық жеті негізгі көрсеткіштің толық орындалуы Атбасар және Бурабай аудандарында байқалады, ал басқа аудандарда ішінара орындау тіркелді.
Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі облыстық басқармалар басшылары мен әкімдіктерге жыл соңына дейін бюджет қаражатын толық игеру үшін жекелеген бағыттар бойынша артта қалу себептерін мұқият талдауды және шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ бюджет заңнамасын сақтауға, дебиторлық және кредиторлық берешекті төмендетуге ерекше назар аудару қажет екені ескертілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -