Ақмола облысында «Бір ауыл – бір өнім» көрмесі өтті: Ақмола облысы, 23 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Ақмола облысында «Бір ауыл – бір өнім» көрмесі өтті

«Бір ауыл – бір өнім» - өңірде бірегей өнім іздестіруге, жергілікті тауарлар мен қызметтер өндірісін дамытуға, тек жергілікті шикізатты пайдаланатын өндірушілер бірлестіктерін құруға бағытталған жоба. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов, бизнес-қоғамдастық, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Бұл туралы ӨКП баспасөз қызметі хабарлады.

Көрмеге Көкшетау, Қосшы, Степногорск, Атбасар қалаларынан және Бурабай, Егіндікөл, Целиноград аудандарынан қырыққа жуық қатысушы өз өнімдерін ұсынды. Ұсынылған жобалардың ауқымы өте кең: нан-тоқаш, ет-сүт өнімдері, жартылай фабрикаттар, вермикомпост, зергерлік бұйымдар, жиһаз өнімдері, бөдене өсіру және тағы басқалар.

«Ауыл кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған «Бір ауыл-бір өнім» көрмесі екінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Әрбір елді мекеннің өзінің бәсекелестік артықшылығы бар екеніне сенімдімін және жергілікті шикізатты, жергілікті құзыреттерді пайдалана отырып, көрменің әрбір қатысушысына өз өнімдерін лайықты түрде ұсынуға мүмкіндік туды», - деді Ернар Жаркешов құттықтау сөзінде.

Көрме барысында жобаларды мемлекеттік органдардың, ӨКП, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіретін жұмыс тобы бағалады. Қорытындысы бойынша алдағы кезеңдерге қатысу үшін он жоба іріктелді.

Олардың ішінде: ингуш халва өндірісін ұсынған Роза Гатагажева (Көкшетау қ.), Бауыржан Жалғасбаев жента түрлі түрлерін өндіру (Целиноград ауданы), Асқар Ақполатов - бөденеден жасалған өнімдер (Қосшы қ.), Гүлжан Болпанова - бал, құрама шөптерден шай өндіру (Бурабай ауданы), Карина Гаспарян - ет өнімдері (Көкшетау қ.), Есхожин Совет - дайын таңғы ас дайындау (Қосшы қ.), Валентина Клаус - шам, қолдан жасалған сабын жасау (Көкшетау қ.), Нағима Умышева  - шаруашылық сабын дайындау (Көкшетау қ.), Данияр Бисарин - қолдан жасалған былғары және ағаш бұйымдар (Атбасар ауданы), Айжамал Шәкірова - құрама жем өндіру (Аршалы ауданы).

«Бүгінгі көрменің қорытындысы бойынша бұл «ондық» өз жобаларын ағымдағы жылдың қыркүйек айында Комитет алдында қорғайтын болады. Оны бағалау қорытындысы бойынша «ОСОП» жобасының үш финалисі таңдалады. Біз оларға жобаларды одан әрі сүйемелдеуді, дизайнды әзірлеу, орау және өнімді қазақстандық немесе халықаралық сауда алаңдарына шығару бөлігінде ақпараттық-консультациялық қолдауды қамтамасыз етеміз», - деп атап өтті Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима Акмолинской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар