Қазақстанға Өзбекстан Республикасы Жоғары судьялар кеңесінің делегациясы келді
2024 жылғы 26 қарашада Астанада екіжақты меморандум аясында Өзбекстан Республикасы Жоғары судьялар кеңесінің онлайн-платформасы, Сот инспекциясы, Судьялар клубының жұмысы таныстырылды.
Қонақтарды Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Михайлович Малахов қарсы алды.
Кездесуге Қазақстандық тараптан Кеңес мүшелері Н.У. Сисенова, А.Б. Жакулин, Г.Х. Шаров, Сот жюриінің төрағасы Н.Ү. Қайыпжан, Кеңес жанындағы Сот төрелігі академиясы ректорының міндетін атқарушы Қ.Қ. Мусин және Қазақстандағы Герман қоғамының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі (GIZ) «Орталық Азия елдерінде құқықтық мемлекеттілікке жәрдемдесу» жобасының жетекшісі А.Б. Ғаббасов және т.б. қатысты.
Өзбекстаннан келген әріптестер қазақстандық тарапқа судьялардың қызметін электрондық бағалау, Судьялар клубы қызметінің форматын (онлайн-форум) сондай-ақ, Өзбекстан Республикасы Жоғары судьялар кеңесі жанындағы Сот инспекциясы мен судьялардың жоғары мектебі қызметін таныстырды.
ҚР Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Д.М. Малахов кездесу аясында сындарлы және қызықты диалог жүргізілгенін атап өтіп, талқылау нәтижелері екіжақты меморандум шеңберінде өзара қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты дамытуда айтарлықтай ілгерілеуге мүмкіндік беретіндігіне сенім білдірді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -