Ақмола облысында егін жинау науқанының барысы талқыланды
Ақмола облысында өткен кеңесте ауыл шаруашылығы саласын дамыту перспективалары талқыланды. Іс-шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, сондай-ақ ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары мен аудан әкімдері қатысты.
Кездесудің негізгі тақырыптары егін жинау науқаны, сондай-ақ астық сатып алу және аграршыларға мемлекеттік қолдау көрсету мәселелері болды.
Облыс әкімі Марат Ахметжановтың айтуынша, Ақмола облысы – Қазақстанның негізгі астық өңірлерінің бірі. Облыс республикадағы бидайдың төрттен бірін өндіреді.
«Бүгінде науқан аяқталу сатысында. 4,5 млн. га астық немесе жоспарланған астықтың 94,8% жиналды. Астықтың орташа өнімділігі 13,3 ц/га. Шамамен 5,9 млн. тонна астық бастырылды. Қазіргі уақытта аймақтың көптеген ірі ауылшаруашылық тауарын өндірушілері егін жинау науқанын аяқтады. Алдағы күндері өңір жалпы егін жинау компаниясын аяқтайтынын атап өткім келеді. Өңірде күзгі дала жұмыстарын үйлестіретін жедел штаб құрылды. Мұндай іс-шаралар аграршылар мен мемлекеттің іс-қимылын үйлестірудегі маңызды қадам болып табылады. Бұл егін жинау науқанын сәтті аяқтап қана қоймай, ұзақ мерзімді перспективада өңірдің ауыл шаруашылығы секторын дамытуды жалғастыруға мүмкіндік береді» - деп атап өтті М.Ахметжанов.
Жиында алдыңғы қатарлы агротехнологияларды қолдану арқасында жоғары өнімділікке қол жеткізген шаруашылықтарға ерекше назар аударылды. Жекелеген егістік алқаптарында өнімділік 60 ц/га дейін жетті. Осындай көшбасшылар арасында «Максимовское» ЖШС, «Дихан Плюс» ЖШС және «Журавлевка-1» ЖШС ерекше аталды. Ал, «Агрофирма Родина» сияқты ірі ауылшаруашылық тауар өндірушілері 19 ц/га өнімділікпен 43,5 мың тонна астық жинап, егін жинау науқанын аяқтады.
Талқылауда сөз болған тағы бір мәселе – аграршыларға мемлекет тарапынан қолдау білдіру.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, 2024 жылы көктемгі егін жинау жұмыстарын қаржыландыру жалпы республика бойынша 580 млрд теңгеге дейін жетті. Биыл бұл көрсеткіш екі есе артқан.
«Ең бастысы - науқанды шығынсыз аяқтау және келесі ауылшаруашылық маусымына уақытылы дайындықты бастау. 2025 жылы біз осы нәтижелерді жақсартуымыз керек. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер, соның ішінде Үкіметтің қолдауы бар», - деп атап өтті министр.
Жалпы, облыс аграршыларын қолдауға форвардтық сатып алуларды, тауарлық кредиттерді және «Кең Дала» бағдарламаларын қоса алғанда, шамамен 91,5 млрд теңге бағытталды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингінің мемлекеттік бағдарламасы өңірдің машина-трактор паркін жаңартуға көмектесті. Кездесу соңында форвардтық сатып алулар мен тауарлық кредиттерді уақытылы қайтару мәселесі көтерілді.
Жұмыс сапары «Aqrimer Astyk» ЖШС элеваторына, «Garant Export» ЖШС бұршақ және майлы дақылдарды терең өңдеу зауытына, Бурабай ауданының егістік алқаптары және МТФ-на барумен жалғасты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -