Ақмола облысында инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттерінің желісі кеңейді
Ақмола облысында Бурабай, Бұланды, Сандықтау және Жақсы аудандарында инклюзивті білім беруді қолдаудың төрт кабинеті ашылды.
Ресурстық кабинетінің негізгі мақсаты - бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру және ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін сапалы білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Инклюзивті және арнайы білім департаментінің директоры Бутабаева Лаура, аудандар мен қалалар әкімдерінің орынбасарлары, Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы Ыбыраев Марат, білім басқармасының мамандары, инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін әдіскерлер, мектеп директорлары, педагогтар, ата-аналар жұртшылығы мен оқушылар қатысты.
Кабинеттер Монтессори әдістемесі, интерактивті тақта, аяқ-қол моторикасын дамытуға арналған әртүрлі заттар, демалу бұрышы және психологиялық сүйемелдеумен жабдықталған.
«Инклюзивті білім беруді қолдау ресурстық кабинеті қызметінің міндеттерінің бірі мүмкіндігі шектеулі оқушыларға жеке және сараланған тәсілді жүзеге асыру болып табылады. Ерекше бiлiм беру қажеттiлiгi бар балалар мектеп пен педагогикалық ұжым тарапынан олардың бiлiмi мен әлеуметтенуiне кешендi көзқарасты талап етедi»-, деп атап өтті білім басқармасының мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің бас маманы Марал Коспанова.
Айта кетейік, облыста инклюзивті білім беруді қолдаудың 50 кабинеті жұмыс істейді, онда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 1000-жуық бала айналысады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -