Ақмола облысында өрт қауіпсіздігі айлығы басталды
Жылыту маусымы қарсаңында олар тұрғын үй секторын қамтиды және халықтың әлеуметтік осал топтарына басты назар аударылатын болады. Мобильді топтардың бірін Ақмола облысы ТЖД бастығы Қанат Доспаев басқарды.
Жыл басынан бері 497 өрттің 340-ы жеке секторға тиесілі. Тұрғын үйлерді аралау барысында электр сымдарын, пештерді тексеру, түтін мұржаларын тазалау жүргізілді. Сонымен қатар, көміртегі тотығының дербес датчиктері орнатылды. Өңірде 4 жыл ішінде осы құрылғылардың іске қосылуының арқасында 21 адамның өмірі сақталды. Бұл алдын алу шаралары бір аймен шектелмейді, бұл тек бірінші кезеңі ғана.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -