Ақмола облысында жайлы мектептердің құрылысы қарқынды жүргізілуде
Целиноград ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Марат Ахметжанов Талапкер ауылындағы 1200 орындық мектептің құрылысымен танысып, елдімекенде тартылыпжатқан су құбырының жұысында тексерді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Целиноград ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 7 мектеп салынады деп жоспарлануда. Талапкер ауылында екі білім ошығының құрылысықарқынды жүріп жатыр.
Мектеп-гимназия мен IT мектеп-лицейінің құрылысына «К.Г.С Сауда» ЖШС жауапты.
ЖШС өкілі Жәнібек Ғалиасқаровтың айтуынша қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау, қасбеттік, ішкі әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын. Сонымен қатар, инженерлік инфрақұрылымды орнату жұмыстары жүргізілуде. Құрылыста қолданылған материалдың бәрі Отандық өнім. Абаттандыру және сыртқы желілерді тарту жұмыстары басталды.
Аймақ басшысы атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен мерзіміне баса назар аудару керектегіні атап өтті.
«Бұл мектептер пайдалануға берілсе, біз қалаға қатынап жүрген оқушыларды қуантамыз. Мектеп заманауи технологиялармен және материалдық-техникалық базамен жабдықталады. Балалар тамаша жағдайда оқитын болады, ең бастысы, жас Талапкерлер Астанаға бармай, өз ауылында білім алады. Тиісінше, ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындары пайда болады», - деді М.Ахметжанов.
Сондай-ақ, облыс әкімі осы маңызды білім беру жобаларының сәтті және сапалы аяқталуын қамтамасыз ету үшін мүдделі мемлекеттік органдарға мектеп құрылысының жоғары стандарттарына, жұмыстарды орындау мерзімдері мен бюджеттік аспектілердің сақталуына баса назар аудара отырып, құрылыс барысына бақылауды күшейтуді тапсырды.
Келесі кезекте Марат Ахметжанов Талапкер ауылында салынып жатқан су өткізу құбырының тыныс-тіршілігімен танысты.
Жақын арада «K.Г.С Сауда» ЖШС бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында оны инертті материалмен толтыру, содан кейін тығыздау бойынша қосымша жұмыстар арқылы нығайту жұмыстарын бастайды.
Бұл су өткізу құбырының құрылысы аяқталса, көктемгі су тасқынын алдын алуға үлкен септігін тигізеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -