Ақмола облысында «Жер-2024» РКШОЖ
Оқу-жаттығуды үйлестіру жөніндегі облыстық штаб Көкшетау қаласында орналасқан.
Азаматтық қорғау құралымдарының күшімен зардап шеккен халықты қабылдау пункттері, сауда және тамақтану қызметтері, 1000 адамға арналған шатырлы лагерь және далалық медициналық госпиталь орналастырылды. Сондай-ақ жаттығудың негізгі бөлігі – апат аймағына тартылатын теміржол платформасына 20 бірлік көлікті тиеу барысы пысықталды.
Бұдан басқа, ауқымды жер сілкінісі болған жағдайда жаһандық және өңірлік ауқымдағы ТЖ жою жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес Алматы қаласы Алмалы ауданының №3 және №4 секторлары Ақмола облысына бекітілген. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда Ақмола облысының күштері мен құралдары Шығыс Қазақстан облысына жөнелтілуге дайын. Топтастыру құтқару жабдықтарымен және арнайы құралдарымен жабдықталған, жеке құрамның жер сілкіністерінің, ірі өрттердің, коммуналдық-энергетикалық жүйелердегі авариялардың салдарын жою бойынша жұмыс тәжірибесі бар.
«ТЖ қаупі мен туындауы туралы хабарлама түскен кезде ТЖ жөніндегі облыстық комиссияның шұғыл отырысы өткізілетін болады. Ақмола облысы әкімінің шешімімен азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің облыстық кіші жүйесі «күнделікті қызмет» жұмыс режимінен «төтенше жағдай» режиміне өтеді. Жалпы саны 539 адам және 89 бірлік техникасы бар 56 азаматтық қорғау құралымы дайындыққа келтірілді. Жалпы, азаматтық қорғаудың Ақмола аумақтық кіші жүйесі қойылған міндеттерді орындауға дайын», – деп түйіндеді Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Асхат Акильжанов.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -