Ақмола облысында жер мәселелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бұзушылықтар анықталды
Агенттіктің Ақмола облысы бойынша департаменті «Е-лицензиялау» жүйесіндегі бақылау жұмыстары барысында заңнамадағы өзгерістерге сәйкес жер комиссиясының қатысуына жол берілмейтін талаптың бар екеніне қарамастан жергілікті әкімдіктердің елді мекендердің шегіндегі жер телімдерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы азаматтардың өтініштерін жер комиссиясының отырысында қарастырғанын, яғни өтініштерді негізсіз қарастыру фактілерін анықтады.
Департаментпен қабылданған ден қою шараларының нәтижесінде 363 көрсетілетін қызметті алушының өтініштері әуре-сарсаңсыз және жер комиссиясының қатысуынсыз қаралды. Осылайша, 280 азамат, оның ішінде 16 кәсіпкерлік субъекті оң шешімге қол жеткізді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -