Ақмола облысында журналистерге құрмет көрсетілді
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне арналған мерекелік іс-шара «Bolashaq sarayi» балалар мен жасөспірімдер сарайында өтті.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов масс-медиа қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
«Бүгінгі таңда Ақмола журналистикасының қуатты мектебі жоғары кәсібилікпен ерекшеленеді, оқырмандарына, телекөрермендеріне жоғары адамгершілік пен рухани сезім сыйлайды деп сеніммен айта аламын. Ақмола облысында барлық жетекші республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының меншікті тілшілері жұмыс істейді, соның нәтижесінде облыстың жетістіктері туралы бүкіл республика біледі. Журналист мамандығы адалдықты, шынайылықты, ашықтықты және, әрине, талантты қажет етеді. Біздің журналистерге осы қасиеттер тән екенін мақтан тұтамын», - деп атап өтті өңір басшысы.
Қазіргі заманғы журналистика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін, бірқатар Қазіргі журналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар БАҚ өкілдері жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының қолынан «Құрмет» орденін біздің жерлесіміз Аршалы ауданының «Алға» газетінің редакторы Александр Цыганов алды.
Сондай-ақ, жыл сайынғы «Арқа төре – Ақмола» байқауының қорытындысы шығарылды, онда облыстың үздік баспа және интернет-басылымдары анықталды, ең қызықты мақалалар мен репортаждардың авторлары атап өтілді. Биыл комиссия 70-ке жуық өтінімді қарады. Жиырма негізгі және көтермелеу номинацияларының лауреаттары 300 және 200 мың теңге көлемінде сыйақы алды. Биыл алғаш рет облыстың әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін үздік ақпараттық жариялағаны үшін Жанайдар Мусин атындағы сыйлық тағайындалды, оның иегері облыстық «Акмолинская правда» газетінің тілшісі Вероника Бурда болды.
Айта кетейік, биыл байқау 14-ші рет өтуде. Осы уақыт ішінде шамамен 300 журналист марапатқа ие болды.
Мерейтой иелері де назардан тыс қалған жоқ. Биылғы жылы белгілі журналистер Любовь Фомич, Сәуле Құсайынова және Валентина Отт өздерінің жеке атаулы күндерін атап өтті. 90 жыл бұрын Жақсы ауданының «Жақсы жаршысы – жақсы хабаршысы» газетінің бірінші нөмірі жарық көрді, Астрахан ауданының «Маяк» газеті 85 жылдық мерейтойын атап өтуде. Медиа сала мэтрлері мен газет редакцияларына естелік сыйлықтар табыс етілді.
Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -