Ақмола облысының ауыл шаруашылығында цифрлық технологиялар қолданылады
Ақмола облысында ауыл шаруашылығын дамытумен қатар мамандандырылған машиналар өндірісі де дамуда.
2024 жылдың 4 айында өңірде шамамен 80 астық жинайтын комбайны, 125 бірлік мамандандырылған автомобильдер-өрт сөндіру машиналары, әскери мақсаттағы техникалық көмек машиналары, 600-ден астам трактор, 180-ге жуық жүк автомобиль өндірілді.
Ауыл шаруашылығы техникасын ірі өндірушілердің бірі «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС болып табылады.
Көкшетау қаласы бойынша жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ТМД-дағы ең ірі ауыл шаруашылығы техникасын сату және қызмет көрсету сервистік орталығына барды.
Өңір басшысы ауыл шаруашылығы, ирригация және көкөніс шаруашылығы процестерін цифрландыру және автоматтандыру бойынша оқыту орталығын, оқу сыныбы мен шеберханасы бар ауыл шаруашылығы техникасын күрделі жөндеу орталығын, көрме алаңдарын, сондай-ақ қосалқы бөлшектер қоймаларын аралап көрді.
ЖШС бас директоры Сергей Глоккенің айтуынша, компания өндірістің жаңа технологияларын, кәсіпорындағы технологиялық тізбектерді автоматтандыруды әзірлеуде. Сондай-ақ, метеорологиялық жабдықтар мен бағдарламалық өнімдер кәсіпорындарды басқаруды оңтайландыру және далалық жұмыстарды жоспарлау, соның ішінде өсімдіктерді қорғау және ұрықтандыру, егін жинау уақытын болжау және т.б. үшін пайдаланылатын қоршаған орта деректерін жинау қамтамасыз етіледі. Фермерлер мен жас мамандарға арналған оқыту орталығы жұмыс істейді.
Марат Ахметжанов Ақмола облысы еліміздегі ең ірі аграрлық өңірдің бірі екенін атап өтті.
«Ауыл шаруашылығында цифрландыру технологиясын белсенді енгізу саланың дамуына оң әсерін тигізеді», - деді облыс әкімі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -