Ақмола облысының әкімі Аршалы ауданындағы әлеуметтік нысандардың жөндеу жұмыстарымен танысты
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары аясында Аршалы ауданындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.
Сапар 300 орындық Мәдениет үйінің құрылыс барысын шолудан басталды. Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Ержан Жолымбетовтің айтуынша, бірінші қабаттың қабырғаларын көтеріп, еден плиталарын монтаждап, инженерлік инфрақұрылым жүргізілді. Қазіргі уақытта екінші қабатта монолитті темірбетон құрылысы жүріп жатыр.
Марат Ахметжанов жауапты мердігерге құрылыс жұмыстары сапалы, әрі мерзімінен кешіктірілмеу керектігін қадап айтты. Сондай-ақ, тиісті бөлімдер мен аудан басшылығына құрылыс жұмыстарын бақылауда ұстауды тапсырды.
Денсаулық сақтау және білім беру нысандарын жөндеуге ерекше көңіл бөлінуде.
200 келушіге арналған аудандық емхананың күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Ғимараттың іші толығымен әрленіп, қасбеті мен кіреберісі жаңартылды. Қазіргі уақытта шаруашылық блогын сыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, бұл өңірде медицина тапшылығын жою мақсатында аудан әкімдігі тарапынан медицина қызметкерлеріне қосымша жәрдемақы төленіп, арендалық баспана берілді. Осылайша аудандық емханаға 7 дәрігер тартылды.
Аршалы ауданындағы №1 орта мектепте 478 бала білім алуда. Мектепте 20 пән кабинеті, спорт залы, асхана және медициналық кабинет бар.
Өңір басшысы ұстаздар қауымымен кездесіп, мектеп түлектерін оқу жылының аяқталуымен құттықтады.
«Еліміздің болашағы – жастар. Яғни, егеменді елімізді дамытатын сіздерсіздер. Елімізде сіздердің тәрбие мен білім алуларыңыз үшін барлық жағдай жасалған. Міне енді үлкен өмірге қадап басасыздар. Ата-аналарыңыздың бен ұстаздарыңыздың үмітін ақтайсыздар деп сенемін! Сіздерге тек сәттілік!»,- деді аймақ басшысы Марат Ахметжанов.
Сондай-ақ, облыс әкімі «Ижевский» өндірістік кооперативінде болды. Ірі кәсіпорында 520-дан астам қызметкер жұмыс істейді. Олардың көпшілігі жергілікті тұрғындар. «Ижевский» ӨК ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге және өңдеуге маманданған. Атап айтқанда, жұмыртқа мен құс еті, сүт және сүт өнімдері, ұн, мал азығы және т.б.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша аудан басшылығына аудандағы құрылыс нысандарының қарқынын жеделдетіп, тиісті бақылауға алу жөнінде тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -