Ақмола облысының әкімі Германия экономикасы Шығыс комитетінің атқарушы директоры Михаэль Хармспен кездесті
Облыс әкімі Марат Ахметжанов, Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Онжанов және Германия экономикасы Шығыс комитетінің атқарушы директоры Михаэль Хармс Ақмола облысы мен Германияның екіжақты ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында өңір басшысы облыстың әлеуметтік– экономикалық дамуы туралы айтты. Өнеркәсіптің негізгі салалары - металлургия, машина жасау, азық-түлік өндірісі дамуының оң үрдістерін атап өтті.
«Ақмола облысында барлық бағыттар бойынша сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін үлкен әлеует бар. Біздің өңірдегі инвестициялық саясат инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Біз өз тарапымыздан көмек көрсетуге мүдделіміз және дайынбыз», - деді М.Ахметжанов.
Өз кезегінде Михаэль Хармс ортақ мүдделер негізінде қазақстан-герман қатынастарын одан әрі дамытудың орасан зор әлеуеті туралы атап өтті.
Айта кетейік, бүгінгі таңда өңір 80 елмен сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -