Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы
Құрметті журналистер мен БАҚ қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Еліміздегі журналистердің өзіндік мерекесі болуы БАҚ-тың өмірімізде ерекше алатын орнын айғақтайды.
Сіздердің арқаңызда біз жаңалықтарды біліп, қызықты адамдармен танысамыз, проблемаларды көріп, оларды шешуге тырысамыз.
Өңірімізде беделді ақпарат құралдары мен талантты журналистер көп. Олардың жұмысы ақпарат алуандылығындағы басты нәрсені анықтауға және болып жатқан оқиғаның мәнін түсінуге мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, «Отандық БАҚ қазақ халқының бірлігі мен ынтымағын нығайтуда маңызды рөл атқарады. Сіздің объективті және сыни көзқарасыңыз жалған ақпарат пен алыпсатарлықтың таралуына сенімді тосқауыл бола алады. Сондықтан, қазір кәсіби журналистиканың маңыздылығы бұрынғыдан да жоғары», деп атап өткен болатын.
Бүгінгі таңдағы ауқымды реформалар мен өзгерістер кезеңінде БАҚ қызметкерлеріне ерекше жауапкершілік жүктеліп отыр.
Журналистерден бұрынғыдан бетер объективтілік пен басты көзқарас белсенді азаматтық ұстаным мен біліктілік талап етіледі. Осы қасиеттердің барлығы біздің ақмолалық БАҚ қызметкерлеріне тән екені қуантады.
Құрметті журналистер!
Сіздер өз жұмыстарыңызды ұқыптылықпен атқара отырып, өзекті тақырыптарды қамтып қана қоймай, өңіріміздің дамуына және оның имиджінің қалыптасуына зор үлес қосасыздар және өзекті мәселелерді шешуге атсалысасыздар. Бүгінгі сапалы еңбек, кәсіби шеберлік дәстүрінің негізін қалаған ақмолалық журналистика ардагерлеріне ерекше алғыс айтқым келеді.
Осынау кәсіби мереке күні барлық сала қызметкерлеріне денсаулық, бақыт пен береке, қызықты шығармашылық ойлар мен жоспарлар және олардың табысты орындалуын тілеймін. Жазған әрбір жолдарыңыз, сөйлеген әрбір сөздеріңіз қоғамымыздың дамуына, еліміздің өркендеуіне үлес болып қосыла берсін!
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -