Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтауы
Құрметті жас ақмолалықтар!
Сіздерді шын жүректен Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын!
Біздер, үлкендер үшін бұл мереке ұрпақтарымыздың жарқын болашағы біздерге байланысты екенін тағы бір еске салатын айтулы күн. Біздің балалардың қалай өсіп-өнетіні, қандай ортада өмір сүретіні шынымен, біздерге, ересектерге байланысты.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау әрқашан біздің мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып қалатындығын, мемлекет жыл өткен сайын жұмыстың осы бағытын күшейте беретіндігін, өйткені, балалардың жағдайының жақсы болуы біздің еліміздің тұрақты дамуының және жарқын болашағының негізі екендігін баса атап көрсеткен болатын.
Бала – біздің өміріміздің ең қымбат құндылығы. Сондықтан, біз балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге тырысамыз. Осы балалар үшін білім ұйымдарында, көшелер мен үйлерінде қауіпсіз орта жасау – басты парызымыз. Бұл үшін үлкен жұмыстар атқарылуда. Бейнебақылау жүйелері орнатылып, мектептер мен балабақшаларға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осының бәрі біздің балалардың жайлы және қауіпсіз ортада өсулері үшін жасалып жатқан жұмыстар. Әрбір бала өзінің қоғамымызға керек және сүйікті екенін сезінуі, қауіп-қатерден қорғалғанын білуі – біздің қолымызда.
Бүгінгідей мереке күні балаларға өздерінің жан жылуларын беретін ата-аналардың, ата-әжелердің, ұстаздардың бәріне ерекше алғыс сезімін білдіргім келеді. Олар балаларымыз дені сау және бақытты болып өсуі, лайықты білім алып, өмірде өздерін көрсете білулері үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Осы ретте,әсіресе, көпбалалы отбасылар мен өздері қамқорлығына алып, асырап алған балаларға барлық жағдайды жасап отырған отбасыларына ризашылығым шексіз.
Құрметті балалар!
Сіздер өз ата-аналарыңыздың өмірін бақытты етіп, өздеріңіз үшін мақтаныш және ізгі үміт өркендерімен нұрландырып келесіздер. Біздерді өз таланттарыңызбен, оқудағы жетістіктеріңіз, шығармашылық және спорттық табыстарыңызбен шаттыққа бөлейсіздер. Биылғы басталып жатқан жазғы каникулды да қызғылықты, өздеріңіз үшін пайдалы өткізетіндеріңізге сенімім мол.
Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, каникулдарыңыздың қызықты болуын, амандық-саулық пен бақытты балалық шақ тілеймін.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -