Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Медицина қызметкері күнімен құттықтауы
Құрметті медицина қызметкерлері, денсаулық сақтау ардагерлері!
Сіздерді медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Адал еңбек, талант, шеберлік, қызметтеріңізге деген жоғары жауапкершілік, адамдарға деген жылы көңілдеріңізшін шын жүректен алғыс білдіремін.
Бұл кәсіби мерекені медицинаны басты кәсіп ретінде таңдаған, күн сайын ең құнды нәрсе – адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектесетін барлық адамдарға алғыс айту күні деп санауға болады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде ұлт денсаулығы елдің басты байлығы екенін, мемлекет медицина қызметкерлерін әр уақытта жан-жақты қолдап, денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше көңіл бөлетінін бірнеше рет атап өтті.
Ақмола облысында кәсіби дәрігерлерден, орта және кішімедициналық қызметкерлерден құралған үлкен және ұйымшыл ұжым жұмыс істейді. Өңірде денсаулық сақтау саласын дамыту бағытында қыруар істер атқарылуда. Жаңа медициналық орталықтар мен бөлімшелер ашылып, соңғы үлгідегі құрал-жабдықтар сатып алынуда, дәрігерлер мен медбикелер оқытылып, біліктіліктері көтерілуде. Медицина қызметкері күні олардың әрқайсысына құрмет көрсетудің тағы бір белгісі.
Құрметті жерлестер!
Сіздергеүлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Кәсіби міндеттеріңізді орындай отырып, кезкелген қиындықтарға қарамастан, сіздер уақыт пен санаспай, адамдарға көмектесуге дайынсыздар. Сол үшін рахмет!
Осы кәсіби мереке күні баршаңызға зорденсаулық, жақсылық, бақ-береке, сарқылмас қуат пен табыс тілеймін. Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін жемісті еңбек ете беріңіздер!
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -