Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Полиция күнімен құттықтауы
Құрметті полиция қызметкерлері мен ардагерлері!
Кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Құқық қорғау органдары облыстың қалалары мен аудандарында құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша күрделі де жауапты міндеттерді лайықты атқаруда.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамымызды саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуға бағытталған дәйекті реформалары полицияның алдына жаңа маңызды да жауапты міндеттер қойып отыр. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету басты басымдықтардың біріне айналды. Ал, бұл жұмыста шешуші рөл сөз жоқ, ішкі істер органдарына тиесілі.
Жас офицерлерді тәрбиелеуге және полицияның даңқты дәстүрлерін сақтауға үлес қосқан ардагерлерімізге ерекше алғысымды білдіргім келеді.
Құрметті құқық қорғау органдарының қызметкерлері!
Сіздер күні-түні өз қызметтеріңізде болып, біздің өмірімізді, денсаулығымызды, дүние-мүлкімізді қорғап, азаматтық және қызметтік борыштарыңызды абыроймен атқарып, қоғам мен мемлекеттің мүддесін қорғайсыздар. Сіз батылдық пен төзімділіктің және риясыз қажыр-қайраттың үлгісін көрсетесіздер. Алдағы уақытта да солай болатынына сенімдімін.
Осынау мереке күні Сіздерді ерліктеріңіз, кәсіптеріңізге адалдықтарыңыз және адал қызметтеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтуға рұқсат етіңіз. Сіздерге зор денсаулық, кәсіби табыс және өркендеу тілеймін! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасында лайым бейбітшілік пен және тыныш күндер болсын!
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -