Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді қасиетті – Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Біздің елде Құрбан айт мерекесі мұсылмандарды ғана емес, барлық қазақстандықтарды біріктіреді.
Қазақстан діни дәстүрлері және мәдени, тарихи бірегей рухани бай мұраларын мақтан тұтады.
Оларды дамыта отырып, біз әрі қарай қоғамдағы рухани және мәдени байланыстың алуан түрінің сақталуына, мемлекетіміздегі азаматтарымыздың арасында сенімділік және өзара түсіністікті бекітуге ықпал етуіміз керек.
Бұл ежелгі мереке әділеттілік және мейірімділік, жақсылық сияқты ізгі мұраттарға бастайды және барлық дүниежүзілік діндерге құрметпен қарау сезіміне жетелейді.
Құрбан айт – бұл баршамыз үшін жақындарымызға, айналамыздағы өзімізді қоршаған жандарға жанымыздың жылуын сыйлауға тамаша мүмкіндік.
Даңқты және жарқын мереке – Құрбан айт күні Сіздерге зор сенім, мықты денсаулық, таза ниет, жанның жомарттығын, айналамызға деген құрмет сезімін, махаббат пен амандық тілеймін!
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -