Ақмола облысының әкімі «Парус» балалар сауықтыру орталығында болды
Ақмола облысында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру 15 қала сыртындағы балалар сауықтыру орталықтарының базасында өткізіледі. Қазіргі уақытта сауықтырумен14500 бала қамтылған.
Өңір басшысы Зеренді ауданы бойынша жұмыс сапары аясында «Парус» орталығына барды. Нысан 2015 жылы пайдалануға берілді.
0,030 га аумағы бар орталық алаңында 3 үш қабатты және 1 бес қабатты корпус, волейбол ойнауға арналған алаң орналасқан.
Өңір басшысы балалардың толыққанды демалысы үшін лагерьде жасалған шарттармен танысып, жатын бөлмелерін, асхананы, клубты және басқа бөлмелердің жағыдайымен танысты.
Лагерь өзінің күнделікті белсенді өмірін өткізуде: спорт алаңдарында волейбол, баскетбол, футбол ойындары, клубта би және ән сабақтары өтуде.
Облыс әкімі балалармен әңгімелесіп, демалыс туралы пікірлерін сұрады.
Директор Қайрат Сұлтановтың айтуынша, қонақтарға 3 рет тамақтану, жазғы кафе, спорттық жабдықтарды жалға беру: қайықтар, шаңғы, коньки, тюбинг, қарда жүретін көлік, күзетілетін жағажай ұсынылған.
Қазір нысанда спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде, құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, жабдықтарды ішкі әрлеу орнату жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетсек, жаз бойы облыста 7 мыңға жуық баланың қатысуымен 49 арзан жазғы демалыс нысаны жұмыс істейді. 3100-ге жуық оқушы тегін ауылдық демалыспен қамтамасыз етіледі. Жазғы кезеңде халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар үшін «Балдәурен» РББО филиалдарына 450 тегін жолдама, «Звездный» ДОЦ-на 250 тегін жолдама бөлінді. «Қазақстан халқына» қоры 5-8 сынып оқушыларына арналған лагерьлерге 1005 жолдама бөлді. Осылайша, сауықтыру мен демалыстың барлық түрлерімен 1170 бала қамтылады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -