Ақмола облысының орман шаруашылығы кәсіпорындары жаңа орман патрульдік кешендеріне ие болды
Ақмола облысының орман шаруашылығы кәсіпорындары 9 жаңа орман патрульдік кешендерін алды. Ақмола облысы орман шаруашылығы үшін Mitsubishi базасындағы орман патрульдік кешендерін алғашқы болып сатып алды.
Әр машина кез-келген жерден еш қиындықсыз өте алады. Тіпті, арнайы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған. Көліктің ішіне 5 адам сыяды. Арнайы техника облыстық бюджеттен бөлінген қаржыдан сатып алынды.
Бүгін Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов орман шаруашылығы кәсіпорындарына арнайы көліктердің кілттерін салтанатты түрде табыс етті.
Аймақ басшысы өз сөзінде орман шаруашылығы қызметкерлерінің өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартуға қосқан үлесі орасан зор екенін атап өтті.
«Ормандардағы ағаштарды өсіру - өте күрделі және жауапты міндет. Орман қорын сақтау және қорғау – орман шаруашылығы мекемелері қызметкерлерінің алдында тұрған басты міндет. Біздің өңір ерекше табиғаты мен жануарлар дүниесіне бай. Осы байлықты сақтау үшін орманшылар ауа-райының қолайсыздығына қарамастан тәулік бойы кезекшілік жасайды. Экологиялық секторды сақтау және дамыту үшін мемлекет орман шаруашылығы ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға және орман шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге қаражат бөледі. Орман күзеті қызметкерлерінің киімдері жаңартылды, өртке қарсы киімдер жинақтары алынды. Соңғы үш жылда бұл мақсатқа 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді», - деді М.Ахметжанов.
Шара соңында орман шаруашылығы қызметкерлерін «Экология саласының үздігі» төсбелгілерімен облыс әкімінің алғыс хаттары табысталды.
Барлығы өңірде 13 орман шаруашылығы бар. Онда 500-ге жуық мемлекеттік орман күзетшісі жұмыс істейді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021-2023 жылдарға арналған Ақмола облысында еліміздің орман қорын, қалалары мен ауылдарын ауқымды абаттандыру бойынша алға қойған міндеттерін іске асыру аясында 40 миллионға жуық көшет пен 6 мың гектардан астам жапырақты ағаш көшеттері отырғызу көзделіп отыр. Биыл көктемгі уақытта 12,5 миллионға жуық көшет отырғызылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -