Ақмола облысының өңірлік кадр резервіне кандидаттар қорытынды іріктеу кезеңінен өтуде
Биыл алғаш рет өңірлік кадр резервіне іріктеу жүргізілуде. Бұл жоба өңірімізді дамытуға қатысып жүрген талантты және белсенді жастар арасынан бастамашыл және прогрессивті көшбасшылар, жас басқарушылар пулын қалыптастыруға бағытталған.
Іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау кезеңінде өңірлік кадр резервіне онлайн-порталда 389 адам тіркелді, оның ішінде 283 қатысушы толық құжаттарымен қоса өтініштерін жолдады. Құжаттарды қабылдау қорытындысы бойынша 263 үміткер іріктеудің келесі кезеңі – ҚР заңнамасын білуіне арналған тестілеуге жіберілді. Тестілеу қорытындысы бойынша келесі кезеңге 115 адам жіберілді. Бұдан әрі жеке қасиеттерін бағалау нәтижелері бойынша 53 үміткер құзыреттерді бағалауға жіберілді. Құзыреттерді бағалау қорытындысы бойынша қорытынды кезең – «Өңірлік кадр комиссиясында құрылымдық сұхбатқа» 38 адам жіберілді.
Бүгін кандидаттар кадр комиссиясында құрылымдалған сұхбатқа қатысып, таңдаған салалық бағыттарына сәйкес өз жобаларын қорғады. Іс-шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысты. Жоба қорғау барысында кандидаттар ұсынылған идеяның мәні мен мақсаттарын, оны іске асыру кезеңдерін, оны іске асырудағы ықтимал проблемаларды, күтілетін нәтижелерді ашып көрсетті.
Комиссия үміткерлерді талдау қабілеті, білім тереңдігі, қарым-қатынас дағдылары сияқты критерийлерге сәйкес бағалады. Сонымен қатар, іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін сұхбатқа қоғамдық бірлестіктердің, ҮЕҰ, БАҚ, бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері және салалық сарапшылар тартылды.
Ақмола облысының өңірлік кадр резервіне қабылданған адамдардың тізімі ағымдағы жылдың 26 тамызынан кешіктірмей Ақмола облысы әкімдігінің және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми интернет-ресурстарында жарияланады.
Естеріңізге сала кетейік, Өңірлік кадр резервіне алынған адамдар жергілікті атқарушы органдарда сайланатын лауазымдарды қоспағанда, 2 жыл ішінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындалуы мүмкін. Өңір жастары арасынан Өңірлік кадр резервіне кандидаттарды іріктеу 6 салалық бағыт бойынша жүзеге асырылды: индустрия және өнеркәсіп, экономика және қаржы, әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, цифрландыру.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -