Ақмола педагогтарына қандай мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі?: Ақмола облысы, 04 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Ақмола педагогтарына қандай мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі?

Мұғалім мамандығы - елімізде сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Ақмола облысының білім беру жүйесінде 22 мыңнан астам педагог жұмыс атқаруда. Оның ішінде 19 мыңнан астамы жоғары біліммен, 3773-і орта арнайы біліммен. Жаңа жүйенің біліктілігі бойынша 56 педагог-шебер, 2580 педагог - зерттеуші, 4830 педагог –сарапшы, 6327 педагог –модератор.

Жаңа оқу жылында өңірдің білім беру мекемелерінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар 600-ден астам жас маман еңбек жолын бастады.

Ауылда кадрлық әлеуетті дамыту үшін, облыстағы ауылдық елді мекендерге білікті мамандарды тарту  мақсатында 2009 жылдан бастап көтерме жәрдемақы беру, ал 2010 жылдан бастап тұрғын үй сатып алу немесе салу несиелері  беріліп " Дипломмен ауылға!" жобасы жүзеге асуда.

«2009-2023 жылдары барлығы 3596 маманға тұрғын үй сатып алуға 12 млрд.теңге және 7287 маманға 1,2 млрд. теңге көтерме жәрдемақы берілді. Көрсетілетін әлеуметтік қолдау шараларының 73% - ы білім беру саласына тиесілі», - деді Ақмола облысы білім басқармасының бөлім басшысы Әсел Жаркенова.

Облыс бойынша мемлекеттік қызметті алушылардың ең көп саны қала төңірегіндегі өңірлерде орналасқан Целиноград, Аршалы, Зеренді, Бурабай, Шортанды аудандары және Көкшетау қаласы сияқты ауылдық елді мекендерде байқалады.

Ағымдағы жылы 163 маманға бюджеттік кредит бөлуге 1,3 млрд.теңге және облыстың 20 өңірінің 777 маманына көтерме жәрдемақы төлеуге 286,9 млн. теңге қарастырылған. Әр педагогке көтерме жәрдемақы төлеуге 369 200 теңге (100 АЕК) қарастырылған.

«Дипломмен ауылға!» жас ақмолалықтар үшін жақсы көмек береді. Оларды жұмыспен қамтамасыз ете отырып, мемлекет әлеуметтік қолдау көрсетеді. Ауылдық жерлерде тұратын педагогтарға отын мен коммуналдық қызметтерді сатып алуға 55 380 теңге (15 АЕК) қарастырылған.

Бұдан басқа, тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін жас мамандарға ауданның әкімшілік орталықтары болып табылатын ауылдық елді мекендерге 9 230 000 теңге (2500 АЕК), ауылдық елді мекендерге 7 384 000 теңге (2000 АЕК) сомасында бюджеттік кредит беріледі.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима Акмолинской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар