Ақмолалықтарды Халықаралық қарттар күнімен құттықтады
Өңірде аға буынға ерекше көңіл бөлінеді. Әлеуметтік қолдау айлығы шеңберінде 39 мыңға жуық зейнеткер мен мүгедектігі бар азамат біржолғы материалдық көмекпен қамтылды. Төлем сомасы 2-ден 5 айлық есептік көрсеткішке дейін болды.
Халықаралық қарттар күніне орай облыстың барлық өңірлерінде осынау мейрамға арналған салтанатты шаралар ұйымдастырылды.
Ақмолалықтарды облыс әкімі Марат Ахметжанов құттықтады.
«Сіздерді осынау жарқын мерекемен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында біздің рухани және материалдық байлығымыз құрылды, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, ғылым, денсаулық сақтау, білім салалары дамыды, қалалар салынды. Бірақ сіздерден біздерге қалған ең басты мұра – ол даналық пен баға жетпес өмірлік тәжірибе. Сіздер - Қазақстан халқына жанкешті еңбектің, жауынгерлік даңқтың, даналықтың, шынайы патриотизмнің, туған жерге деген сүйіспеншіліктің өшпес үлгісін тарту еткен буынсыздар. Ақмола облысының берік экономикалық іргетасын қалаған да сіздер болдыңыздар. Соның арқасында облысымыз бүгінде еліміздің табысты өңірлерінің біріне айналды», - деп атап өтті өңір басшысы.
Айта кетейік, бүгінде облыста 115 мыңға жуық зейнеткер тұрады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -