А. Сарбасов мемлекеттік еңбек инспекторларына өндірістік жарақаттануды болдырмау жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды: Астана қаласы, 24 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

А. Сарбасов мемлекеттік еңбек инспекторларына өндірістік жарақаттануды болдырмау жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов онлайн режимде ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің (бұдан әрі – МЕИК) және ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің, сондай-ақ олардың аумақтық департаменттерінің басшыларымен кеңес өткізді. А.Сарбасов өндірістік жарақаттануды болдырмау жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды.

МЕИК төрағасының м.а. Мұрат Мұратбеков республика кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласындағы ағымдағы ахуал туралы хабарлады.

Мәселен, осы жылдың 8 айында еліміздің кәсіпорындарында 892 адам зардап шеккен немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,8% - ға көп, оның ішінде 117 адам қаза тапты немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6% - ға артық.

«Жарақаттанудың жоғары деңгейі Қарағанды (106 адам зардап шекті), Абай (78 адам), Қостанай (76 адам), Шығыс Қазақстан (66 адам), Павлодар (55 адам) облыстарында және Алматы қаласында (61) сақталуда.

Сонымен бірге бірқатар өңірлерде өндірістік жарақаттанудың айтарлықтай өсуі байқалады: Қостанай облысында – 59-дан 76 адамға дейін немесе 29%-ға, Алматыда – 14-тен 32 адамға дейін немесе 128%-ға, Маңғыстауда – 30-дан 45 адамға дейін немесе 50%-ға, Батыс Қазақстан облысында – 31-ден 45 адам немесе 45%-ға, Ақмола облысында – 31-ден 40 адамға дейін немесе 29% - ға өскен.

Экономика салалары бөлінісінде зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия өнеркәсібі кәсіпорындарында – 19% және құрылыс саласында – 11% байқалады», – деді Мұрат Мұратбеков.

Оның айтуынша, жазатайым оқиғалардың себептері әртүрлі, оларды тергеу барысында комиссиялар белгілейді. Бұл ретте тексеру қорытындылары бойынша анықталатын негізгі бұзушылықтар: қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз етпеу (235 факт немесе 38%); еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын бұзу (43 немесе 7 %); жұмыскерлерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқытуды жүргізбеу (35 немесе 6%) болып табылады.

ҚР Еңбекмині еңбекті қорғау саласындағы жағдайды жақсарту мақсатында жұмыс берушілермен бірлесіп кешенді жұмыс жүргізуде.

Біріншіден, кәсіпорындарда қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құрылады. Бүгінгі таңда 18,2 мыңнан астам өндірістік кеңес жұмыс істейді.

Бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында республиканың 3262 кәсіпорны еңбекті қорғау бойынша стандарттарды енгізді.

«Нөлдік жарақат – Vision Zero» тұжырымдамасына 580 кәсіпорын (биыл – 44) қосылды.

Құрылыс объектілерінде бас мердігердің объектідегі еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша жауапкершілігін және барлық қосалқы мердігерлік ұйымдарға тиісті бақылауды жүзеге асыруды көздейтін бақылаудың тікелей моделін енгізу бойынша жұмыс жалғасуда. Бұл модельді республиканың 270 кәсіпорны енгізді.

Құқық қорғау органдарына жазатайым оқиғаларды тергеудің 527 материалы жіберілді, олар бойынша 87 қылмыстық іс қозғалды.

Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының нақты жай-күйін бағалау және еңбекті қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүргізу мақсатында 3 709 өндірістік объектілерді аттестаттау өткізілді.

Екіншіден, өндірістік жарақаттануды төмендету жөніндегі іс-шаралардың өңірлік жоспарлары, сондай-ақ өндірісте топтық жазатайым оқиғаларға жол берген кәсіпорындардағы еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі жоспарлар бекітілді.

Үшіншіден, Абай, Алматы және Қостанай облыстарының жұмыс берушілерімен өндірістік жарақаттану мәселелері бойынша кеңестер өткізілді.

Төртіншіден, Қазақстан Республикасында 2024-2030 жылдарға арналған қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы іске асырылуда, ол ағымдағы жағдайды және еңбекті қорғауды басқару саласындағы әлемдік үрдістерді факторлық талдау негізінде жұмыскерлердің еңбек жағдайларын жақсарту үшін жүйелі тәсілдерді көздейді.

Тұжырымдамада көзделген іс-шаралардың әсеріне ұзақ мерзімді перспективада қол жеткізілетінін ескере отырып, М.Мұратбеков қысқа мерзімді кезеңде өндірістік жарақаттануды төмендетуге бағытталған бірқатар ұсыныстарды айтты.

«Профилактикалық бақылау шеңберінде кәсіпорындарды тексерудің сапасы мен тиімділігін арттыру қажет. Жазатайым оқиғаға қайта жол берген әрбір кәсіпорынмен жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі кешенді жоспарды пысықтау. МЕИК аумақтық департаменттері кәсіпорындарда қауіпсіз еңбек жағдайлары мен өндірістік жарақаттануды қамтамасыз ету бойынша ахуалға тұрақты мониторинг жүргізсін. Өндірістік жарақаттануды азайту және өнеркәсіптік процестердің, оның ішінде қауіпті өндірістік объектілердегі қауіпсіздікті жақсарту жөніндегі мемлекеттік еңбек және өнеркәсіптік қауіпсіздік инспекциясы комитеттерінің бірлескен жоспарын әзірлеу және бекіту. Сондай-ақ жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілігін күшейту қажет», – деді ол.

Өз кезегінде ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының м.а. Алмаз Олжағұлов осы ведомство желісі бойынша өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Жиынды қорытындылай келе Ақмәди Сарбасов келесідей тапсырмалар берді:

- МЕИК аумақтық департаменттерінің басшылары кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын бақылауды күшейту;

- жұмыс берушілерге, әсіресе ірі кәсіпорындар мен қауіпті өндірістік объектілерді басқарушыларға қауіпсіз еңбек жағдайларын міндетті түрде қамтамасыз ету, қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтау, жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқытуды жүргізу жөніндегі талапты жеткізу;

- мемлекеттік еңбек инспекциясы және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеттері өндірістік жарақаттануды азайту және өндірістік процестердің қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу.

Кеңес қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттануды азайту жөніндегі шараларды әзірлеу үшін ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің және ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің бірлескен жобалық кеңсесін құру туралы шешім қабылданды.

Ақпарат көзі: Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар