А. Сарбасов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов жұмыс сапарымен Өскемен қаласына келді. Ол мансап орталығында болып, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, сондай-ақ брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Вице-министр жұмыс сапарын «ШҚО еңбек мобильділігі орталығы» КММ Мансап орталығының қызметімен танысудан бастады, онда азаматтарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұсыну және мұқтаждарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі жұмыстармен танысты.
Ақмәди Сарбасов Шығыс Қазақстан облысының еңбек мобильділігі орталығы мен мансап орталықтарына қандастар мен қоныс аударушыларды жұмысқа орналастыру, бейімдеу және интеграциялау, оның ішінде олардың отбасыларын тиісті тұрақты мониторингті қамтамасыз ете отырып, әсіресе оңтүстік өңірлерге қайтатындар бойынша сүйемелдеу жөніндегі жұмысты күшейтуді ұсынды.
Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында бірінші вице-министр азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Өңір тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, олардың сауалдарына толық жауап берді.
Жұмыс сапарының бірінші күнінің соңында Ақмәди Сарбасов жергілікті және республикалық БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -