А. Сарбасов жұмыс сапарымен Абай облысына барды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Абай облысына екі күндік жұмыс сапары барысында өңірдің бірқатар кәсіпорындары мен әлеуметтік нысандарын аралады, сондай-ақ еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Жұмыс сапарының бірінші күні Ақмәди Сарбасов жұмыскерлерінің бір бөлігі зиянды еңбек жағдайларында еңбек ететін кәсіпорындарға – «Семей цемент зауыты» өндірістік компаниясы» ЖШС және «QAZAQ-ASTYQ GROUP» ЖШС-қа барды.
Вице-министр кәсіпорындардың ұжымдарына зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдар үшін арнайы әлеуметтік төлем тағайындау шарттары және Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының қағидаттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
«Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы шеңберінде кәсіптік тәуекелдерді бағалау, оның ішінде еңбек жағдайларының түрлері бойынша зиянды өндірістік факторларды ескере отырып, сырқаттанушылықты бағалау көрсеткіші бойынша кәсіптік тәуекелдерді бағалау тәртібі жетілдірілуде. Кәсіптік тәуекелдерді және анықталған зияндылықты бағалау нәтижелері негізінде әрбір нақты жұмыс орнында жеке қорғаныс құралдары және әлеуметтік кепілдіктер беріледі, бұл түптеп келгенде қауіпті жұмыс орындарындағы жұмыскерлердің кәсіптік ауруларын азайтуға ғана емес, сонымен бірге олардың алдын алуға да ықпал ететін болады», – деді ол.
Бұдан кейін Ақмәди Сарбасов Абай облысының еңбек мобильділігі орталығының ұжымымен кездесу өткізіп, онда жұмысшы кәсіптерінің, әсіресе жастар арасындағы беделін арттыру жөніндегі жұмысты жандандыру, сондай-ақ азаматтар үшін еңбек нарығында өзін-өзі жүзеге асыруда кең мүмкіндіктер беру қажеттігін атап өтті.
Ол бұл бағыттың ерекше маңызын Мемлекет Басшысы Қазақстан халқына соңғы Жолдауы аясында атап өткенін еске салды.
«Келесі жыл - Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Осыған байланысты «Еңбек адамы» мәртебесін арттыру жөніндегі жұмысты күшейту керек. Бұған ҚР еңбек нарығын дамытудың бұрын қабылданған тұжырымдамасы да бағытталған», – деп атап өтті вице-министр.
Сондай-ақ қабылданған Тұжырымдама және Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту шеңберінде олар шығаратын мамандардың сапасын арттыру үшін оқу орындарына қойылатын талаптар күшейтілгені, ал жұмыс берушілердің шын мәнінде маңызды дағдыларға қойылатын талаптары білім беру стандарттарында көрініс табатыны атап өтілді.
Жас маман үшін келесі кезең мансаптың басталуы болуы керек.
«Оқу орындарының жұмыссыз түлектерін қолдау мақсатында Жастар практикасы ұйымдастырылды, оның мәні алған мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін ұсыну болып табылады. Ол үшін жұмыс берушілермен шарттар жасалады, олардың шеңберінде уақытша жұмыс орындары құрылады.
Сондай-ақ жұмыстың маңызды элементі жұмыс берушілердің өтінімдерін мансап орталықтарының өңдеуі болып табылады, олар бойынша жұмыссыз азаматтарды жұмыс біліктілігі бойынша кәсіптік оқыту ұйымдастырылады», – деп атап өтті А. Сарбасов.
Кездесуден кейін вице-министр азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Бүгін Ақмәди Сарбасов «Силикат» ЖШС кәсіпорнының ұжымымен кездесу өткізді, оның барысында жұмыскерлердің құқықтарын қорғау және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтау мәселелерін талқылады.
Жұмыс сапарының соңында вице-министр «№2 Семей арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ жұмысымен танысты, онда стационар режимінде 150-ден астам адам қызмет алады, сондай-ақ белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -