«Ақсу қант» ұжымы өз таңдауын жасады
Өңірді қантпен қамтамасыз ететін ұйымшыл ұжымның бірі «Ақсу қант» зауытының қызметкерлері дауыс беру учаскесіне ауызбіршілік танытып бірге келді.
«Қазіргі уақытта зауытта жұмыс қызу, тәтті түбір қабылдау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Қауырт жұмысқа қарамастан ел ертеңі үшін таңдау жасау - барлығымыздың азаматтық борышымыз», - деп білетін азаматтар дауыс беру учаскесіне ұжыммен келген.
«Бұл референдумға барлық қызметкерлер бірауыздан қатысып, өзіміздің белсенділігімізді және жарқын келешек үшін таңдау жасадық деген сенімдеміз. Сондықтан қауырт науқанға қарамастан арнайы уақыт белгілеп, бір уақытта таңдау жасауға келдік. Себебі бұл таңдауда еліміздің әр тұрғынның пікірі маңызды», – деді ұжым басшысы Самат Надирбаев.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -