Ақсу, Көксу қант зауыттары күніне 5 мың тонна өнім қабылдауда: Жетісу облысы, 20 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Ақсу, Көксу қант зауыттары күніне 5 мың тонна өнім қабылдауда

10:01 кеше - 20 Қараша 2024 жылдың 2 Жетісу облысыЖетісу облысының әкімдігі
Ақсу, Көксу қант зауыттары күніне 5 мың тонна өнім қабылдауда

Ақсу, Көксу қант зауыттары күніне 5 мың тонна өнім қабылдауда

Ақсу, Көксу қант зауыттары күніне 5 мың тонна өнім қабылдауда

Ақсу, Көксу қант зауыттары күніне 5 мың тонна өнім қабылдауда

Ақсу, Көксу қант зауыттары күніне 5 мың тонна өнім қабылдауда

Ақсу, Көксу қант зауыттары күніне 5 мың тонна өнім қабылдауда

Жетісу облысында себілген 13,7 мың гектар қант қызылшасының бүгінгі күні 11,5 мың гектары, немесе 83,7% қазылып, 545 мың тонна өнім алынды. Қалған 2,2 мың га алқаптарда жиын-терін жұмыстары жалғасуда, қызылшаны қазуға 80 комбайн жұмылдырылған, Ақсу және Көксу қант зауыттары күн сайын орта есеппен өнім тиелген 250 автокөлікті қабылдауда, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының 18 қарашадағы мәліметіне қарағанда, қант зауыттарына 445 мың тонна өнім өткізілген. Соның 212 мың тоннасы Көксу қант зауытына, 233 мың тоннасы Ақсу зауытына, оның сыртында Ақсу қант зауытына 29 мың тонна Жамбыл облысынан жеткізілген. Қазылған қант қызылшаның 100 мың тоннасы шаруашылықтардың егістік алқаптарында буртта жинақталған, қазылатын 2,2 мың гектардан 95 мың тонна қызылша жиналады. Жалпы облыс бойынша жиналатын қызылшаның көлемі 640 мың тоннаға жеткізіледі деп күтілуде.

- Қант қызылшасына берілетін субсидия көлемі ұлғайтылған соң бұл дақылды өсірудің табыстылығы да өсіп, шаруалардың қызығушылығы артты, сөйтіп биылға жоспарланған 10,7 мың гектардың орнына 13,7 мың гектарға, яғни 3,0 мың гектарға артық себілді. Шаруалардың өсірген өнімін дер кезінде қазып алып, зауыттарға өткізуі аса маңызды. Сондықтан  өнімді жинау және қабылдау 15 қыркүйектен басталды. Қазір екі зауыт бекітілген кестеге сәйкес күнделікті жалпы 5 мың тонна қант қызылшасын қабылдап отыр, - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев.

Қызылша өткізуге кезекте тұрған көлік жүргізушілеріне қолайлы жағдай жасау үшін оларға ыстық тамақ ұйымдастырылуда. Бұл іске зауыттар орналасқан Көксу, Ақсу аудандарымен қатар қызылша өсіруші барлық аудан-қалалардың жергілікті атқарушы органдары да атсалысып жатыр.

Егін шаруашылығына, оның ішінде қант қызылшасының өндірісіне мемлекет тарапынан жан жақты қолдау көрсетілуде. Атап айтсақ, биыл облыста егін шаруашылығы бағытына жалпы 14 млрд. теңге бөлінді, соның 9,7 млрд. теңгесі басым дақылдарды субсидиялауға, 2,6 млрд. теңгесі  минералды тыңайтқыштарды, 1,2 млрд. теңгеге жуығы тұқымдарды, 483 млн. теңгеге жуығы пестицидтерді субсидиялауға қарастырылды. Сол сияқты көктемгі дала және өнімді жинау жұмыстарына 11 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.

Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен қант қызылшасы бағытында 5 ауданда жаңа 8 сервистік-дайындау орталығын құруға 2,5 млрд. теңге бөлініп, 62 бірлік себу және өнімді жинау техникасы шаруашылықтарға лизингке берілді, соның 28-і сепкіш, 15-і - жапырақ жинағыш машина, 19-ы - комбайн.

Бүгінгі күнге қант зауыттары шаруашылықтарға қабылдаған қызылшаға 3,3 млрд. теңге төледі, оның ішінде Көксу қант зауыты – 1,4 млрд. теңге, Ақсу қант зауыты – 1,9 млрд. теңге. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан шаруашылықтардан түскен 160 өтінім бойынша 3,1 млрд. теңге субсидия төленді. Зауыттардың шаруалармен есеп айырысуы мен өткізілген өнімді субсидиялау шаралары шаруашылықтардың өтінімдерінің түсуіне қарай жалғасуда.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі: Жетісу облысының әкімдігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар