Ақсуат ауданында күндізгі амбулаториялық диализ бөлімі ашылды: Абай облысы, 31 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Ақсуат ауданында күндізгі амбулаториялық диализ бөлімі ашылды

Ақсуат ауданында күндізгі амбулаториялық диализ бөлімі ашылды

Ақсуат ауданында күндізгі амбулаториялық диализ бөлімі ашылды

Ақсуат ауданында күндізгі амбулаториялық диализ бөлімі ашылды

Ақсуат ауданында күндізгі амбулаториялық диализ бөлімі ашылды

Ақсуат ауданында күндізгі амбулаториялық диализ бөлімі ашылды

Ақсуат ауданында күндізгі амбулаториялық диализ бөлімі ашылды

Ақсуат ауданында орталық аудандық аурухана жанынан күндізгі амбулаторлық диализ бөлімі ашылды. Енді созылмалы бүйрек сырқаты бар науқастар қажетті көмекті ала алады.

Бөлім облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасымен, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық бүйрек орталығының қолдауымен ашылды. Салтанатты шараға амбулаториялық көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі, облыстық бүйрек орталығының директоры және жоғары санатты нефролог дәрігері, аудан әкімінің орынбасары Ахмет Аққазин, сондай-ақ медицина қызметкерлері мен аудан тұрғындары қатысты.

Бөлім заманауи қондырғылармен жабдықталған. Мұнда екі науқасты бірден қабылдауға мүмкіндік беретін Fresenius Medical Care диализ аппараттары, емдеудің жоғары сапасын қамтамасыз ететін суды сүзуге арналған арнайы германиялық құрылғы бар.

Жаңа амбулаториялық-диализ бөлімі мамандандырылған көмекті қажет ететін аудан мен басқа да өңірлердің тұрғындары үшін маңызы зор. Мекеме медициналық қызметтерге қолжетімділікті және науқастардың өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартады.



Ақпарат көзі: Абай облысының әкімдігі


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>Ақсуат ауданында орталық аудандық аурухана жанынан күндізгі амбулаторлық диализ бөлімі ашылды. Енді созылмалы бүйрек сырқаты бар науқастар қажетті көмекті ала алады.</p> <p>Бөлім облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасымен, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық бүйрек орталығының қолдауымен ашылды. Салтанатты шараға амбулаториялық көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі, облыстық бүйрек орталығының директоры және жоғары санатты нефролог дәрігері, аудан әкімінің орынбасары Ахмет Аққазин, сондай-ақ медицина қызметкерлері мен аудан тұрғындары қатысты.</p> <p>Бөлім заманауи қондырғылармен жабдықталған. Мұнда екі науқасты бірден қабылдауға мүмкіндік беретін Fresenius Medical Care диализ аппараттары, емдеудің жоғары сапасын қамтамасыз ететін суды сүзуге арналған арнайы германиялық құрылғы бар.</p> <p>Жаңа амбулаториялық-диализ бөлімі мамандандырылған көмекті қажет ететін аудан мен басқа да өңірлердің тұрғындары үшін маңызы зор. Мекеме медициналық қызметтерге қолжетімділікті және науқастардың өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартады.</p>

Аймақтағы жаңалықтар