Ақсуат ауданында көппәтерлі үйлердің құрылысы басталды
Ақсуат ауданында мемлекеттік және жеке меншік серіктестік аясында көппәтерлі үйлердің құрылысы басталды. 2024 жылы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан отбасыларға көлемі 85 шаршы метр болатын тұрғын үй беру жоспарлануда.
Мәселен, Ақсуат ауылдық округінде 26, Ойшілік ауылдық округінде 6, Құмкөл ауылдық округінде 4, Екпін ауылдық округінде 8, Көкжыра ауылдық округінде 6, Қызылкесік ауылдық округінде 10, Сәтбаев ауылдық округінде 2 пәтер салу жоспарланған. Барлығы 60 пәтер салынады.
Қазіргі таңда салынып жатқан үйлерге қажетті материалдар уақытылы жеткізілуде.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -