Мақаншы ауданы мен ҚХР Толы ауданы арасында байланыс орнады
Мақаншы ауданының әкімі Дәурен Қойгелдин бастаған делегация ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағының Толы ауданына барды.
Сапар аясында Толы ауданының әкімі Дәулет Париолламен кездесіп, екі аудан арасындағы ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға қол қойылды.
Мақаншылық делегация Толы ауданының ауыл шаруашылығы, өндіріс, экономика, әлеуметтік сала нысандарының жұмысымен танысты.
Сапар барысында алдағы уақытта екі ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына серпін беретін бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -