Ақсуат ауданында медициналық нысандардың құрылысы басталды
Ақсуат ауданында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында медициналық нысандардың құрылысы жүргізілуде. Нақтырақ айтқанда, 9 жаңа медициналық мекеме салу жоспарлануда. Бұл ауыл тұрғындарына заманауи медициналық көмекке қол жеткізуге мүмкіндік бермек.
Қазірдің өзінде Үштөбе ауылында дәрігерлік амбулатория мен Екпін, Кіндікті ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пункттердің құрылысы басталып кетті. Жақын арада Мүрсәлім, Қызылжұлдыз, Көктүбек, Ескісұлутал, Айнабастау және Аққала елді мекендеріндегі медициналық пункттердің құрылысы аяқталып, заманауи жабдықтармен қамтылады деп күтілуде.
Аталған жобаны іске асыру медициналық қызметтің сапасын, аудан тұрғындарының денсаулығын жақсартуға оң ықпал етеді.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы дені сау ұлтты қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, барлық ауылдық елді мекендерде алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының желісін құруды, шалғай аудандарда шұғыл медициналық көмек көрсетудің тиімділігін арттыруды көздейді.
Пилоттық ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде Абай облысында 2023-2024 жылдары 65 жаңа алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарын салу жоспарланған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -