Ақсуатта шаруашылығы техникасы паркі жаңартылуда: Абай облысы, 15 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Ақсуатта шаруашылығы техникасы паркі жаңартылуда

Ауданда ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту үшін биыл түрлі маркалы 30 трактор сатып алды. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін жалғасады.

Күзгі егін жинау науқаны барысында ауданда 538 гектар алқаптан 1129,8 тонна астық жиналды. Алынған өнім мал азығы ретінде пайдаланылмақ. 153 га көкөніс алқаптарынан 3978 тонна, ал 168 га картоп алқабынан 3864 тонна өнім жиналды. 150 гектардан 6000 тонна бақша дақылдарының өнімі алынды.

Көкөніс, картоп және бақша дақылдары ауданның дүкендері мен базарларында тұрғындарға қолжетімді бағамен сатылуда. Сондай-ақ ағымдағы жылы тамшылатып суару технологиясымен 200 га күнбағыс өсірілді.

Ауданда алғаш рет Сәтбаев ауылдық округінің «Алтын-Алтай» фермерлік қожалығы 200 гектар суармалы жерге күнбағыс егу кезінде су үнемдеу технологияларын қолданды. Тамшылатып суару және егіс жұмыстарына қажетті барлық жабдықтар Қытайдан сатып алынды.

Қазіргі уақытта шаруашылық сапалы күнбағыс дақылын алып, алдағы жылдары тамшылатып суарылатын егіс алқаптарының көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Алдағы қыс маусымына ауданда 189 мың тонна жем, оның ішінде табиғи шөп пен жоңышқа дайындалды.

Құмкөл, Ойшілік, Екпін, Ақсуат, Көкжыра және Сәтбаев ауылдарындағы шаруашылықтар алдағы қысқа мал азығын дайындауда (жоңышқа) жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Жоңышқа орта есеппен гектарына 30-35 центнер, табиғи шөптер өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп шабылды. Ауыл тұрғындары қол жетімді бағамен қыстық мал азығымен толық қамтамасыз етілді. Жоңышқаның бір орамы 10-12 мың теңге, ал табиғи шөптің орамы-5-7 мың теңге. Бұл аудан шаруаларының алдағы қысқа тыңғылықты дайындалғандығын көрсетеді.

Ақпарат көзі: Абай облысының әкімдігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Ауданда ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту үшін биыл түрлі маркалы 30 трактор сатып алды. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін жалғасады.

Күзгі егін жинау науқаны барысында ауданда 538 гектар алқаптан 1129,8 тонна астық жиналды. Алынған өнім мал азығы ретінде пайдаланылмақ. 153 га көкөніс алқаптарынан 3978 тонна, ал 168 га картоп алқабынан 3864 тонна өнім жиналды. 150 гектардан 6000 тонна бақша дақылдарының өнімі алынды.

Көкөніс, картоп және бақша дақылдары ауданның дүкендері мен базарларында тұрғындарға қолжетімді бағамен сатылуда. Сондай-ақ ағымдағы жылы тамшылатып суару технологиясымен 200 га күнбағыс өсірілді.

Ауданда алғаш рет Сәтбаев ауылдық округінің «Алтын-Алтай» фермерлік қожалығы 200 гектар суармалы жерге күнбағыс егу кезінде су үнемдеу технологияларын қолданды. Тамшылатып суару және егіс жұмыстарына қажетті барлық жабдықтар Қытайдан сатып алынды.

Қазіргі уақытта шаруашылық сапалы күнбағыс дақылын алып, алдағы жылдары тамшылатып суарылатын егіс алқаптарының көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Алдағы қыс маусымына ауданда 189 мың тонна жем, оның ішінде табиғи шөп пен жоңышқа дайындалды.

Құмкөл, Ойшілік, Екпін, Ақсуат, Көкжыра және Сәтбаев ауылдарындағы шаруашылықтар алдағы қысқа мал азығын дайындауда (жоңышқа) жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Жоңышқа орта есеппен гектарына 30-35 центнер, табиғи шөптер өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп шабылды. Ауыл тұрғындары қол жетімді бағамен қыстық мал азығымен толық қамтамасыз етілді. Жоңышқаның бір орамы 10-12 мың теңге, ал табиғи шөптің орамы-5-7 мың теңге. Бұл аудан шаруаларының алдағы қысқа тыңғылықты дайындалғандығын көрсетеді.

Аймақтағы жаңалықтар