Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын күре жолының 28 шақырымдық бір бөлігі биыл аяқталмақ
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен
«А
втомобиль жолдарын салу және жөндеу мәселелері
»
тақырыбында жиын өтті.
Күн тәртібінде
бірнеше мәселе қаралды. Республикалық маңызы бар жолдарда құрылыс-жөндеу маусымына арналған жоспарлар туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры Айбол Данағұл бірінші болып баяндама жасады.
Айбол Данағұлдың айтуынша, өңірдегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы
–
1869 шақырым. 2024 жылдың күзінде жүргізілген кешенді бақылау қорытындысы бойынша трассалардың 84,63%-і «жақсы» және «қанағаттанарлық» деп
бағаланған
.
«Бүгінгі күні өңірде жол-құрылыс жұмыстары аясында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын жолының 791-ден 819 шақырымға дейінгі бөлігін
«Сине Мидас Строй» ЖШС
қайта жаңартуға кірісті. Мердігер
2025 жылы
І санатты жолдың
бір жақ бөлігін толық конструкцияда аяқтап, көліктерге қозғалыс ашуды жоспарлап отыр.
Осы учаскеге бөлінген сома 57 млрд. теңгені құрайды. Бюджет – республикалық», - деді А. Данағұл.
Жалпы ұзындығы 280 шақырымды құрайтын облыс аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдардың 14 учаскесінде биыл орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Олар: Қандыағаш-Шалқар 110 шақырым, Ақтөбе-Орск – 96 шақырым, Ақтөбе-Орынбор – 34 шақырым, Қарабұтақ-Қостанай жол
ының 40 шақырымы
. Сондай-ақ, Қарабұтақ
-
Қ
останай трассасында 3, Қобда-БҚО шекарасы жолында – 1 су өткізгіштер салынады.
Бұдан
өзге
, Самара-Шымкент автожолының 1132 шақырымында
ғы Ырғыз
көпірінің арнасын бекіту бойынша жұмыстар жүргізіледі.
31 наурыздан бастап
күре жолдардың шұрық-тесігін
жөндеу басталды. Кешенді-нысаналы бағдарлама
аясында
42 000 м2 алаңда шұңқыр
ларды
жөндеу, сондай-ақ 800 жол белгілерін орнату және ауыстыру, сигналдық және километраждық бағаналарды орнату, таңбалау және т. б.
ж
үргізіле
ді.
Баяндаманы тыңда
ған соң,
өңір басшысы жұмысты күшейтуді және
қанағаттанарлық бағалау бойынша
жолдардың жай-күйін
90
%
-ке
жеткізуді тапсырды.
«Былтыр
үлкен жұмыс атқарылды. А
қтөбе мен
Қандағаш
арасындағы автожолды
қайта жаңарту аяқталды. Биылғы жылы, әсіресе, халық
тың
ж
өндеу жұмыстарын жүргізуді сұраған
учаскелер
ін
де қарқын
ды арттыру
қажет. Бұл Қандыағаш-Ембі жолы, оның ішінде
былтырғы
еріген
қар
су
ы
шай
ғ
ан көпір және Қобда-БҚО шекарасы
арасы бар.
Жақында
К
өлік министрі Ақтөбе
-
Қарабұтақ
-
Ұлғайсын қайта жаңарту жобасын іске асыру үшін қаражат бөлінетіні туралы жаңалықпен бөлісті. Бұл бізге тағы екі учаскеде жұмысты бастауға мүмкіндік береді.
2024
жылы құрылысты бастаған мердігердің өз учаскесінде жолды б
ір бағытта тапсыруы өте маңызды», - деп атап өтті
Асхат Шахаров.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -