«Ақтөбе-Ұлғайсын» тас жолын қайта жаңғырту жұмыстары басталды
Жаңа автомобиль жолын салу жұмыстары Ақжар және Жазық (Просторное) ауылдары аумағында басталды. Құрылысшылар «Самара-Шымкент» тасжолының 791-819 шақырым аралығын салады.
«Учаскеде 89 бірлік техника және 120 адам жұмыс істеп жатыр. Жұмысты жеделдету үшін қосымша техника мен жұмысшыларды тартамыз. Биылғы жылы барлық жер жұмыстарын аяқтауды, сондай-ақ жол бойында еріген қар суын өткізетін құбырларды салуды жоспарлап отырмыз. Бұл учаскеде 2 көпір, 2 көпір өткелі болады. Оның біреуі Тассай ауылының тұсында салынады. Жоба бойынша 39 құбыр тартылады, 16 қиылыс, бір демалыс аймағы болады, 4 автобус аялдамасын орнату қарастырылған», -деді «Қазавтожол» ҰК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының басшысы Айбол Данағұл.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -