Әскери қызмет туралы мәліметтер
Енді қазақстандықтар eGov Mobile қосымшасы арқылы әскери қызмет туралы деректерді ала алады және жібере алады.Бұл «Цифрлық мәліметтер» сервисінің жаңартылуы арқасында мүмкін болды. Енді пайдаланушылар өздерінің әскери қызметке шақырылу мәртебесі мен әскери қызметке шақыру туралы ақпаратты смартфонынан тікелей қарап, бөлісе алады.Қосымшаның жаңартылған нұсқасында екі жаңа цифрлық мәліметтер қолжетімді:1. Әскери қызметке шақыру туралы ақпарат – азаматтың шақыру мәртебесі;2. Әскери қызметке қатысуға қатысты мәліметтер – азаматтың әскери міндеттілік мәртебесі туралы өзекті ақпарат.Азамат өз мәліметтерін ЖСН, компанияның БСН-і немесе мобильді азаматтар базасына тіркелген телефон нөмірі арқылы өз бетінше жібере алады.Сервисті пайдалану үшін:• eGov Mobile қосымшасында авторизацияланып, «Мәліметтер» бөліміне өтіңіз;• «Тарих» бөлімінде мәліметтерге қолжетімділік беруге келген сұрау салуларды қарап шығыңыз;• Мәліметтерді беруге рұқсат беріңіз немесе сұрау салуды қабылдамаңыз;• Қажет болған жағдайда, бұрын берілген мәліметтерді «Қайтарып алу» батырмасын басу арқылы қайтарып ала аласыз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -