Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев Әйтеке би ауданына жұмыс сапарымен барды
Сапар барысында аудан әкімі Дәулетияр Тоғызбаев ауданда жаңадан салынып жатқан 270 орындық мектеп құрылысымен таныстырды.
Мектеп құрылысын қадағалаған облыс әкімінің орынбасары мердігер компанияларға жаңа оқу жылына дейін барлық құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтауды тапсырды.
Сонымен қатар, Асылбек Есенбаев су тасқынынан зардап шеккендердің тұрғын үй құрылыс нысандарын аралап, құрылысқа жауапты мекемеге ағымдағы жылдың тамыз айына дейін тұрғын үйлердің құрылысын аяқтау керектігін айтты.
Кездесуде тұрғын үй салу және құрылыс жұмыстарын жүргізумен қатар инфрақұрылымды қалпына келтіру мәселелері де талқыланды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -