Ақтөбе облысында 22 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мемлекетке қайтарылды
ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті пайдаланылмайтын жерлер мен заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмысты жалғастыруда.Тексеру нәтижелері бойынша Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Жаңақоныс ауылдық округінде орналасқан «Рахымжан» шаруа қожалығында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасы бойынша алаңы 22 300 га жер учаскесіндегі жайылымда малдың жоқтығы анықталды.Шалқар ауданы әкімдігі мен Жер ресурстарын басқару комитетінің бірлескен түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде жер учаскесі ауданның жер қорына қайтарылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -