АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА БІРҚАТАР АУЫЛДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде бірқатар ауылдық медициналық нысандардың құрылысымен танысты.
Алға ауданының Тоқмансай ауылында күніне 25 адам қабылдауға есептелген жаңа медициналық пункттің құрылысы аяқталуда. Бұған дейін жергілікті дәрігер кеңес кезіндегі ғимаратта 300-ге жуық ауыл тұрғындарына көмек көрсеткен. Бүгінде жаңа пунктте жалпы практика дәрігерінің, ем-шара кабинеті, күндізгі стационар және дәріхана пункті жабдықталуда. Ашылуы желтоқсан айының басында жоспарланған.
Мұғалжар ауданының Жарық ауылында жаңа медициналық пункттің белсенді құрылыс жұмыстары жалғасуда. Құрылысты жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Жаңа жылдан бастап Мұғалжар аудандық ауруханасында тері арқылы коронарлық араласудың ауданаралық орталығын құру үшін қосымша құрылыс басталады. Бұл орталық бірнеше аудан тұрғындары үшін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға және Ақтөбе-Астрахань автожолындағы Төтенше жағдайлар кезінде шұғыл қызметтің жұмысын жеделдетуге мүмкіндік береді.
Сапар барысында вице-министр Ақтөбедегі медициналық мекемелерге: балалар стационарларына, көпбейінді облыстық ауруханаға, перинаталдық орталыққа, медициналық орталыққа және бірнеше емханаға барды.
Өңір ауылдарында денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жоғары қарқынмен жалғасуда. Осы ауқымды жобаны іске асыру ауыл тұрғындарын заманауи қолайлы жағдайларда сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -