Ақтөбе облысында мектептерде интернет байланысының сапасы жақсарады: Ақтөбе облысы, 03 Сәуір 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Ақтөбе облысында мектептерде интернет байланысының сапасы жақсарады

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде өңірдің білім беру жүйесін цифрландыру мәселесі қаралды.

Білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева білім беру мекемелерін сапалы интернетпен қамтамасыз ету және оқу процесін автоматтандыру туралы баяндама жасады. Бүгінгі таңда аймақтың барлық мектебінде интернетке қосылған. 249 мектептің жылдамдығы 100 Мбит/с және одан жоғары, ал 184 мектеп интернетті 50-80 Мбит/с жылдамдықпен пайдаланады, 221 мектеп талшықты – оптикалық байланыс, 167 – радиорелелік байланыс, 45-і Starlink арқылы қосылады.

Сондай-ақ, облыстың бас педагогі цифрлық технологияларды енгізу үшін тек техникалық жарақтандыру ғана емес, сонымен қатар педагогтерді оқыту, қолданыстағы платформаларды пысықтау және олардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс қажет екендігіне назар аударды. Осы мақсатта барлық мектепте «BilimClass» электронды журналы енгізілді, ол мұғалімдерге «BilimLand», «iTest», «iMektep» цифрлық білім беру платформаларын тегін пайдалануға мүмкіндік берілді. Сонымен қатар, 403 мектеп сандық сабақтар мен интерактивті тапсырмалардың кең таңдау бар «Online Mektep» пайдаланады.

Оқу орындарын заманауи жабдықтармен жарақтандыру жалғасуда: 79 мектеп жаңа пәндік кабинеттермен, 62 мектеп интерактивті панельдермен жарақтандырылады. Оқушылардың қауіпсіздігін арттыру үшін «Alaqan mektep» жүйесі кеңейтілуде, ал «Dara Bala» автоматтандырылған порталы 150 мыңнан астам ата-ананы қамтиды және негізгі білім беру процестерін біріктіреді, оның ішінде балабақшаларға жазылу, қосымша білім алуды таңдау, баланың психологиялық жағдайын бақылау және FaceID арқылы сабаққа қатысуды есепке алады.

Сонымен қатар, 2018 жылдан бастап колледждерде оқушылардың үлгерімі мен құжат айналымын бақылау үшін «Platonus» жүйесі жұмыс істейді, ал 2025 жылдан бастап орта арнайы білім беру педагогтерін аттестаттау «Ұстаз» ұлттық платформасы арқылы өтеді.

Өңір басшысы білім беру ұйымдарын тұрақты және жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударып, Цифрлық технологиялар басқармасына бұл процесті ретке келтіруді және оны тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Сонымен қатар,  Асхат Шахаров педагогтерді аттестаттау және біліктілігін арттыру тиімді автоматтандыруды талап ететін негізгі процесс екенін атап өтіп, оны оңтайландыру үшін цифрлық шешімдерді енгізуді жеделдету туралы тапсырмалар берді.

Бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталған жағдайларға байланысты білім беру мекемелерінде бухгалтерлік есепті цифрландыру мәселесі қосымша қозғалды. Осыған байланысты облыс әкімі қаржы операцияларының ашықтығын күшейту үшін цифрлық құралдарды енгізу жөніндегі бастаманы қолдап, Білім және Цифрлық технологиялар басқармаларына осы міндетті бірлесе шешуді жүктеді.

«Цифрландыру - бұл жай ғана тренд емес, білім беру сапасын арттыру және ресурстарды тиімді басқару қажеттілігі. Біз үшін білім беру жүйесіндегі барлық процестің ашықтығын, ыңғайлылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды. Әрбір басқарма бюрократияны және тәуекелдерді азайту үшін заманауи технологияларды белсенді түрде енгізуі керек. Осы мақсаттарға қаншалықты тез және тиімді қол жеткізе алатынымыз жұмыстарыңызға байланысты», - деп атап өтті облыс әкімі.

Ақпарат көзі: ГУ «Акимат Актюбинской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар