Ақтөбе облысында шегірткеге қарсы 60-тан астам техниканың көмегімен 46 мың га жер өңделді
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында аймақта шегірткенің таралу жағдайы қаралды.
Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай өңірдегі фитосанитарлық жағдай қалыпты деңгейде деп мәлімдеді. Шегірткелердің жаппай таралуы мамыр айының ортасында 55 мың гектарға жуық жерде тіркелген. Оның ішінде 54,6 мың га өңделген. Химиялық өңдеу күніне екі рет жүргізілуде: таңертең және кешке. Барлық аудандар пестицидтермен қамтамасыз етіліпті.
Аумақтық инспекция басшысы Дастан Сағыровтың ақпараты бойынша, шегірткеге қарсы 46 130 га жерді өңдеу жоспарлануда, оның ішінде 10 570 га - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, 35 560 га - мемлекеттік резервтегі жерлер. 14 шілдедегі жағдай бойынша 668,201 га өңделген, 5 аэрозоль генераторы бар «Ақтөбе-Құнарлық» ЖШС өңдеумен айналысады. Жеті ауданда шаруа қожалықтары өздерінің 56 аспалы бүріккішін, ал 4 ауданда өрістерді өңдеу үшін дрондар қолданылады. Сонымен қатар, 7 АН-2 ұшағы, 36 жерүсті желдеткіш бүріккіш, 18 аэрозоль генераторы пайдаланылады. Бұдан басқа, шегірткенің пайда болған жерін анықтау және тексеру үшін фитосанитариялық инспекцияның 273 қызметкері тартылды.
Облыс әкімі жағдай толық тұрақталғанға дейін шегірткеге қарсы күрес жұмыстарының қарқынын төмендетпеуді тапсырды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -