Ақтөбе облысында студенттерге орын жеткілікті: Ақтөбе облысы, 19 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Ақтөбе облысында студенттерге орын жеткілікті

Жаңа оқу жылына әзірлік мәселесі облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат жиынында қаралды.

Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мирхан Ермағанбетов студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі туралы баяндады.

Облыста қазіргі уақытта 4 жоғары оқу орны бар. Жалпы алғанда биылғы жылы оларда 22 270 студент білім алады, оның 20 200-і күндізгі оқу формасымен қамтылған. Әрбір жоғары оқу орнының өз жатақханалары бар.

Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университеттегі 2200 орындық 4 жатақхананың барлығы да қазіргі уақытта студенттерді қабылдауға дайын. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіндегі 5 жатақхана 2056 орынға есептелген. Пацаев және Тургенев көшелері бойында орналасқан жатақханаларда жөндеу жұмыстары басталды. Жұмыс аяқталғаннан кейін ғана студенттер қабылданады.

С.Бәйішев атындағы университетте 204 орындық 1 жатақхана, Қазақ-Ресей халықаралық университетінде 120 орындық 2 жатақхана жұмыс істейді. Жеке жоғары оқу орындарындағы барлық жатақхана жаңа оқу жылына толығымен әзір, оларда ағымдағы жөндеу жүргізілді.

«Былтыр бізде жатақханаларда 4580 орын болды, оларда 3770 адам тұрды. Студенттер үшін орын жеткілікті болды. Жатақханада тұрғысы келіп өтініш берген жастар тиісті орындармен толығымен қамтамасыз етілді», — деп атап өтті Мирхан Ермағанбетов.

Бұдан басқа Ақтөбеде «Эрудит бизнес», «Salem space» және «Skyfall» жеке студенттер үйі ашылды. Өткен жылы оларда 180 студент тұрды.

Білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтанның хабарлауынша, колледждердің балансында тағы да 27 жатақхана бар. Олар 3062 орынға есептелген, оның 2310-ы — мемлекеттік колледждерде, 752 орын — жеке иелікте.

«Мемлекеттік колледждердің жатақханаларын жөндеу мен жарақтандыруға биылғы жылы бюджеттен 55 миллион теңге бөлінді. Оған жиһаздар жаңартылып, қосымша жабдықтар сатып алынады. Бұған дейін су тасқынынан зардап шеккен облыс тұрғындары қоныстанған жатақханаларда қазір жөндеу жұмыстары жүруде», — деді Жайық Сұлтан.

Жатақханаларда орын бірінші кезекте жетім балаларға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүгедектігі бар студенттерге, көпбалалы отбасынан шыққандар мен әлеуметтік қамтылуы нашар топтағыларға беріледі.

Облыс әкімі Асхат Шахаров студенттік жатақханаларға мониторинг ұйымдастырып, тұрғынжайлардың студенттердің келуіне және биылғы жылыту маусымына әзірлігін тексеруді тапсырды. Студенттерді жатақханадағы орындармен қамтамасыз ету мәселесін жауапты органдар бақылауда ұстауға тиіс.

«Қала сыртында тұратын студенттер мен баспанаға мұқтаж адамдар жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етілуі тиіс. Олардың тұруы мен оқуына, қауіпсіздігі үшін қолайлы жағдайлар жасау қажет», - деді әкім.

Ақпарат көзі: ГУ «Акимат Актюбинской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар