Ақтөбе облысындағы «Бұхара - Орал» газ құбырының 3-ші желісінің құрылысы аяқталуға жақын
Мердігер нысанды осы жылдың қараша айында тапсыруды жоспарлап отыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Ақтөбе облысының энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары Нұршашқан Ізбасарова қазіргі уақытта 320 елді мекеннің 168-і газдандырылғанын (52,5%) атап өтті. Сонымен қатар, облыс тұрғындарының 95,5%-ы көгілдір отынмен қамтылған, бұл – 886,5 мың адам.
«Биыл 27 елді мекенді газдандыруды көздейтін 21 жобаны іске асыру бойынша жұмыстар жүріп жатыр. 2024 жылдың соңына дейін 1465 тұрғыны бар 3 ауылды газдандыру жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Мұғалжар ауданының Жарық ауылы, Темір ауданының Алтықарасу және Еңбекші ауылдарының жеткізуші және кентішілік газ құбырының құрылысы аяқталады. Осылайша, жыл соңына дейін 171 елдімекен газдандырылады», - деді Н.Ізбасарова.Бұдан басқа, биылғы жылы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорынан 20 елдімекенді газдандыруды қарастыратын 14 жобаны іске асыруды бастау үшін 9,2 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар, 4 елді мекенді газдандыруды көздейтін 2 жобаны іске асыруды бастау үшін облыстық бюджеттен 365,2 млн. теңге бөлінді.
QazaqGaz Aimaq АҚ облыстық филиалының инвестициялық бағдарламасы аясында Мұғалжар ауданы Қожасай ауылын 1,8 млрд теңгеге газдандыру жұмыстары басталды.
Аталған жобалар 2025 жылға өтпелі болып табылады. Өңірдегі барлық жобалар іске асырылған соң, елдімекендердің 64%-ы, халық санының 97,2% газбен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.
Ақтөбе қаласының басым бөлігін, іргелес елдімекендер мен өнеркәсіптік объектілерді үздіксіз газбен жабдықтау мақсатында құны 43,1 млрд теңге болатын «Бұхара-Орал» магистральдық газ құбырының 3-ші желісінің құрылысы жалғасуда. Оны «Отау-Строй» ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау осы жылдың қараша айына жоспарланған. Жобаныіске асыру нәтижесінде өткізу қабілеті сағатына 526,5 мың текше метрді құрайды, бұл сағатына 186 мың текше метр газ тапшылығын жабуға мүмкіндік береді. Сағатына 340,5 мың текшеметр қалған газ көлемі аймақты одан әрі дамыту үшін пайдаланылады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -