Ақтөбе облысындағы карьерде болған оқыс оқиғаны арнайы комиссия тексеретін болды
Донской тау-кен байыту комбинатының карьерінде болған жазатайым оқиғада 2 адам қаза тапты. Апат салдарын тексеру үшін Мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі комитеттің Ақтөбе облысы бойынша департаменті комиссия құрып, тексеру жүргізеді.
«Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы Донской тау-кен байыту комбинатының «Молодежная» шахтасының Мирный карьерінде апат 2024 жылдың 30 қазанында шамамен сағат 13:14-те болған. Самосвал жүргізушісі азамат С. шахта жұмысшысы азамат Ж. тиелген материалмен Мирный карьеріне бара жатады. Мирный карьеріндегі екінші бұрылыстан өтіп бара жатып, самосвал жүргізушісі рульге ие бола алмай, карьердің сол жақ шетіне шығып, соның салдарынан самосвал аударылып кеткен. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері жұмысшылардың қайтыс болғанын анықтады.
Адам өліміне әкелген жазатайым оқиғаны тексеру үшін Мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі комитеттің Ақтөбе облысы бойынша департаменті оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтайтын комиссия құруда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -