Ақтөбе облысында қысқа жем-шөп дайындау қарқынды: Ақтөбе облысы, 26 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Ақтөбе облысында қысқа жем-шөп дайындау қарқынды

Өңірде мал қыстату кезеңіне 2 769,1 мың тонна шөп дайындау қажет.

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппараттық жиын барысында өңірді мал азығымен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.

Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембайдың айтуынша, аймақта биыл 918,3 мың бас мал қыстайды. Ауа райының қолайсыз жағдайларының болу ықтималдығын ескере отырып, Ауыл шаруашылығы министрлігі біржарым жылдық шөп қорын қамтамасыз ету міндетін қойған. Бұл –  шамамен 2 769,1 мың тонна. Бүгінгі таңда оның 2 455,3 мың тоннасы әзірленді немесе жоспардың 88,7%-ы орындалды. Мал ұстайтын халықтың 74%-дан астамы шөппен қамтамасыз етілген.

Облыс аумағындағы 231,5 мың гектар алқапқа екпе шөптер егілді. Тағы 464,6 мың га – шабындық жерлер. Сондай-ақ, аудан әкімдіктері шаруа қожалықтарының мал азығын дайындауы үшін мемлекеттік жер қорынан уақытша жер бөлуі тиіс.

Оператор «АЖС-Лидер» ЖШС арқылы дизель отыны ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жеткізілуде. Бүгінгі таңда шаруашылықтарда 1160 тонна дизель отыны бар.

Шөп шабу науқанына 10,2 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасы, 1,4 мың пішен пресі жұмылдырылыпты.

Мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда.

Баяндамашы ақпаратын тыңдағаннан кейін облыс әкімі аудан әкімдіктеріне мал азығын дайындау үшін уақыт пен қолда бар мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалануды міндеттеді. Шөп бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында жергілікті жем дайындайтын кәсіпкерлермен Ақтөбе өңірінің тұрғындары үшін бағаны көтермеу туралы келіссөздер жүргізу тапсырылды.

Ақпарат көзі: ГУ «Акимат Актюбинской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Өңірде мал қыстату кезеңіне 2 769,1 мың тонна шөп дайындау қажет.

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппараттық жиын барысында өңірді мал азығымен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.

Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембайдың айтуынша, аймақта биыл 918,3 мың бас мал қыстайды. Ауа райының қолайсыз жағдайларының болу ықтималдығын ескере отырып, Ауыл шаруашылығы министрлігі біржарым жылдық шөп қорын қамтамасыз ету міндетін қойған. Бұл –  шамамен 2 769,1 мың тонна. Бүгінгі таңда оның 2 455,3 мың тоннасы әзірленді немесе жоспардың 88,7%-ы орындалды. Мал ұстайтын халықтың 74%-дан астамы шөппен қамтамасыз етілген.

Облыс аумағындағы 231,5 мың гектар алқапқа екпе шөптер егілді. Тағы 464,6 мың га – шабындық жерлер. Сондай-ақ, аудан әкімдіктері шаруа қожалықтарының мал азығын дайындауы үшін мемлекеттік жер қорынан уақытша жер бөлуі тиіс.

Оператор «АЖС-Лидер» ЖШС арқылы дизель отыны ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жеткізілуде. Бүгінгі таңда шаруашылықтарда 1160 тонна дизель отыны бар.

Шөп шабу науқанына 10,2 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасы, 1,4 мың пішен пресі жұмылдырылыпты.

Мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда.

Баяндамашы ақпаратын тыңдағаннан кейін облыс әкімі аудан әкімдіктеріне мал азығын дайындау үшін уақыт пен қолда бар мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалануды міндеттеді. Шөп бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында жергілікті жем дайындайтын кәсіпкерлермен Ақтөбе өңірінің тұрғындары үшін бағаны көтермеу туралы келіссөздер жүргізу тапсырылды.

Аймақтағы жаңалықтар