Ақтөбе өңірінде «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді
2025 жылдың 6-7 ақпанында «Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбы бойынша «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың бірінші кезеңі өтеді.
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовтің төрағалығымен осы шараның ұйымдастырылу мәселесі пысықталды.
Оқу-жаттығу аясында «Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығы тексеріледі. 6 ақпанда сағат 11.00-де барлық дыбыстық электр дабылдары қосылады. Бұл кезде тұрғындардан тыныштық сақтап, үрейге бой алдырмау сұралады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -