Оқу-ағарту министрлігінде білім беру саласындағы негізгі міндеттердің орындалу барысы қаралды
Оқу-ағарту министрлігінде Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері талқыланды. Кеңес министрліктің аппараттық жиыны қарсаңында өңірлік білім басқармалары мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қатысуымен өтті.
Күн тәртібінде білім беру сапасын арттырудың негізгі бағыттары қаралды. Министр Ғани Бейсембаев ваучерлік қаржыландыру жүйесін енгізу жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Бұл бағытта Тараз, Шымкент, Түркістан, Орал және Астана қалаларында жүзеге асқан тәжірибелер негізге алынбақ. Сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жүзеге асырылу барысы мен 1300 мектепті реновациялау мәселесі талқыланды.
Кеңесте техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялауға ерекше көңіл бөлінді.
Жиын қорытындысы бойынша министр мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыру, сондай-ақ азаматтардың өтініштерімен жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -